«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-мектептің» жалғасы

2016 жылғы 02 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
9265 просмотров

Қызылорда қаласының Іскер әйелдер кеңесі «Жобалық оқытуды» жалғастырып жатыр

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Агрокәсіпкерлік» тақырыбында жас кәсіпкерлерге арналған жобалық оқыту курстары өтуде.  Шара дәріскері ретінде білікті кәсіпкер Самалбек Қосанов шақырылған. Жалпы,  оқыту курсына «Бизнес-мектеп» жобасының 12 қатысушысы жұмылдырылған.

Оқытудың ерекшелігі сол, ол тәлімгерлік қағидаттарына сай ұйымдастырылған. Осыған орай, Палата тәлімгерлер ретінде айтарлықтай табыстарға жеткен, кәсіпкерлік саласында орасан тәжірибесі бар кәсіпкерлерді тартуды жөн санаған. 

Семинар барысында Самалбек Қосанов бизнес жүргізудің түрлерін айта отырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Қыркүйек айында қатысушылар көкөністерді тамшылап суару әдісін қолдану арқылы өз алқаптарында егу жұмыстарын жүргізбек. Ескере кетер жайт, Самалбек Қосановтың басқаруындағы «Жаса Агро» ЖШС «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 10 млн теңге көлеміндегі несие алғаны белгілі. Жобаны жүзеге асыру барысында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кәсіпкерге толығымен қолдау көрсетті.

«Жобалық оқыту» дәрістері «Бизнес-мектеп» курстарының жалғасы болып саналады. Биылғы жылы сыр өңірінің Іскер әйелдер кеңесі «Жобалық оқыту» курстарын үш бағыт бойынша өткізбек: «Агрокәсіпкерлік», «Балабақша ашу» және «Қоғамдық тамақтану/кондитерлік цех». Қатысамын деушілерді Қызылорда қ., Әйтеке би к., 28 мекенжайы бойынша орналасқан Кәсіпкерлер палатасына шақырамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер