«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЭКСПО құрылысына отандық компаниялар өнімдерін жеткізуде

2016 жылғы 01 Қыркүйек
2666 просмотров

«Спецэлектра» ЖШС елордада өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына алғаш рет қатысқанымен, олжалы болып, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында 3-ші орынды еншіледі.

Кәсіпорынның техникалық директоры Роман Можаровтың айтуынша, аталған қазақстандық өндіріс орны көрмеге электр аппараты түріндегі құрал-жабдықтарын ала келіпті.

Астана индустриялдық паркінде орналасқан «Спецэлектра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі елорданың қазіргі заманғы бет-бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосып, тоқ қуатымен қамтамасыз ететін озық үлгілі өнімдерін жеткізуде. Энергетика саласында дайын шешімдер ұсынатын жас отандық өндіріс ошағының өкілі, мақтаныш тұтатын құрылғылары ретінде трансформаторлық қосалқы станцияларының бірқатар артықшылықтарын сипаттады. Мәселен, электрмен жабдықтаудың жаңа жерүсті технологиясы қала көркін келтіріп, өмір сүру ортасының қауіпсіздігіне толықтай сәйкес болуда. Бақытсыз жағдайлардың, бұзақылық деректерінің алды алынған. Электромагниттік сәулелер, вентилятор мен трансформатор гуіл-шуы болмағандықтан, тұрғындар тарапынан шағымдар жасалмайды екен. Сонымен қатар, назардағы нысандарды үнемді жоспарлау, құйылатын инвестиция мен қаржы көлемін де ықшамдауда. Халық жиі жүретін қоғамдық орындарға қойылатын жүйені, кәсіби сарапшылар да мойындап үлгеріпті.

«Өнімімізді еліміздің бас қаласында, жалпы тұтастай Қазақстан өңірлерінде кеңінен қолданады. Зауытымыз болса, 2007 жылы іске қосылған. 2 гектарлық аумақта 3 цех пен құрылымдық бөлімшелер жұмыс істейді. Кешенді көзқарастың арқасында, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі құрылысына белсенді атсалысып жатырмыз. Шикізаттың басым бөлігі өзіміздікі, ел ішінен кәдеге жаратамыз. Тапсырыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, мысалға, өнімді сатып болған соң, жобалау  барысында да кемшіліктерді түзеуге жәрдемдесуден қашпаймыз», - деп ой бөлісті марапаттау рәсімінде Роман Можаров. 

Бүгінде дербес шаруасын дөңгелетудегі компания, алдағы уақытта осындай ауқымды көрмелерге тұрақты қатысып отырмақ.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер