«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»: бизнес ашуға төте мүмкіндік

2016 жылғы 31 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
6968 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке ісін ашты

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы несие алған жас кәсіпкер көп жылдан бері армандаған шағын наубайханасын ашпақ. «Көптен бері жеке ісімді ашуды ойластырып жүрдім. Өз күшіммен шағын наубайхана салдым. Кейін шынайы қаржылық мүмкіндіктерімді саралап көрдім де, несиесіз іс тындыра алмайтынымды түсіндім», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының тұрғыны Таңат Бекназаров.

Таңат Бекназаров СҚО Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына қарыз алуға көмектесулерін сұрай барған. Кеңес берушілер оған барлық қажетті құжаттардың тізімін беріп, кейін жылжымайтын мүлкін бағалауға, бизнес-жоспар әзірлеуге және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына өтінім беруге жәрдемдескен. Сұралған несие сомасы – 1,5 млн теңге. Енді кәсіпкер бар күшін көптен бері армандаған кәсібін дөңгелетуге жұмсамақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер