«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жастарды жұмсап арандатады

2016 жылғы 26 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
10762 просмотров

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер жөніндегі учаскелік инспекторлар кәсіпкерлерді әкімшілік заңбұзушылықтар жасауға итермелеуде

Олар мұндай қадамға бір сәттік жасанды жетістіктерге қол жеткізу мақсатында барған.

ҚР Кәсіпкерлік туралы кодексіне сәйкес, бизнес пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының негізгі қағидаттарының бірі кәсіпкерлерді ынталандыру және оларға қолдау көрсету, бизнесті қорғауды қамтамасыз ету болып саналады. Осы орайда Кәмелетке толмаған жасөспірімдер жөніндегі инспекция мемлекеттік мекеме ме əлде олар өзге заңға бағына ма деген заңды сауал туындайды.

Ескере кетер жайт, айыптаулар мен заңбұзушылықтар кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекциясының жекелеген тұлғаларына қатысты екенін ұмытпаған жөн.

Оған мысал ретінде жасы 21-ге толмаған азаматтарға темекі және алкоголь өнімдерін сату деректеріне қатысты жеке тұлғаларды әкімшілік жазаға тартуды жатқызса болады.

«Иә, біз өз кінәмізді мойындаймыз, алайда бөлімшедегілер жасы үлкен көрінетін, мысалы 25 жастағы азаматтарды жұмсайды, сосын бізге айыппұл салады», – дейді өз аты-жөнін жариялағысы келмеген кәсіпкер.

Бір айта кетерлігі, дүкендерден ішімдік пен шылым сатып алған кәмелетке толмаған жасөсіпірімдердің көпшілігі полиция қызметкерлерінің айтағымен əрекет еткен және олардың саны көп еместігі анықталған.

Мысалы, С.Жуасова есімді жасы 18-ге толмаған жеткіншек (аты-жөні құпиялылық мақсатында өзгертілді) осы «ойынға» екі рет қатарынан қатысқан көрінеді.

«Мұндай деректер жетіп-артылады. Мен өз басым олардың бірнешеуін атай аламын. Бұл бассыздыққа нүкте қойылу керек», – деп өз шағымын айтты жәбірленген кәсіпкер өкілі Құмарбек Нұрсапонов.

2016 жылдың басынан бері кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісіне арналған №1 мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 18 жасқа толмағандарға шылым сатқаны үшін 80-ге жуық жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 20-80 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатқаны үшін тағы 21 тұлға жауапкершілікке тартылыпты.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер