«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үй жануарларына арналған дәріхана ашылды

2016 жылғы 23 Тамыз
- Павлодар облысы
15777 просмотров

Палатаның Лебяжі аудандық филиалы ауыл тұрғынына ветеринарлық дәріхана ашуға жәрдем берді

Үй жануарлары мен үй құстарын өсіру жауапкершілігі мол, күрделі шаруа екені белгілі. Олар да адамдар секілді түрлі аурулармен ауырып жататыны белгілі. Осы орайда, ауыл тұрғындары көп жағдайда жануарларға арналған дәрілік заттардың жетіспеушілігі мәселесіне тап болады. Тұрғындар малға қажет дәрілік препараттарға қол жеткізу үшін, облыс орталығына баруға мәжбүр. 

Ауылда жануарларға арналған мал дәрілерін, құралдар мен препараттарды сауатты түрде сататын дәріханалар жетіспейтінін Лебяжі ауданының тұрғыны Гүлзия Сейітова да бағамдаған.

Осы олқылықтың орнын толтыруды ойлаған кәсіпкер Палатаның Лебяжі ауданындағы филиалына жүгінеді. Осылайша, филиал кәсіпкерге көмек қолын созған. Филиал мамандары ЖК ашуға қажетті құжаттар пакетін жинауға және дәріхана ғимаратын жабдықтауға атсалысады.

Бүгінде «Айдын» ЖК ветеринарлық дәріханасы – мал мен үй құстарының түрлі ауруларының алдын алып, емдеуге қажет дәрілерді, дәрумендік қоспалар мен жем, үй құстары мен жануарлар күтіміне қажетті жақпамайлар сататын бірден-бір орын болып табылады.

Мал дәрігерлік дәріхананың клиенттерінің арасында Лебяжі ауданы тұрғындарымен қоса,  өзге шаруа қожалықтары да бар. Бір айта кетер жайт, дәріханада әр клиентке сапалы көмек көрсетіледі. Себебі, ол мал санының өсіп-өнуі мен тиімділігіне тікелей әсер етпек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер