«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның азық-түлік өнімдерін Қытайда талап алады

2016 жылғы 23 Тамыз
15881 просмотров

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық тауарларды Қытайға табысты саудалау үшін күш біріктіруде

ҚР Үкіметі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегімен Қытай нарығына ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізуде. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай тарапынан шектеулер мен кедергілерді алып тастау бойынша жұмыс істеп жатыр. Осы жылдың мамыр айында ҚР АШМ мен ҚХР Мемлекеттік сапаны қадағалау, инспекция және карантин бас басқармасы арасында қос елдің санитарлық-фитосанитарлық әріптестігі саласындағы фитосанитарлық талаптар бойынша ортақ іс-қимылдар ережесіне қол қойылған. Бүгінгі таңда шектеуді алып, қазақстандық өнімнің Қытай нарығына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қытайдың уәкілетті органы еліміздің мемлекеттің ветеринарлық жүйесіне аудит жүргізген. Сондай-ақ қыркүйек айында Қытай Халық Республикасына экспорттау үшін отандық кәсіпорындардың талаптарға сәйкестігіне инспекция өтпек.

Осыған байланысты ҰКП алаңында өңірлердің қосылуымен видеоконференция тәртібінде отырыс өтті. Оған ҚР ауыл шарушылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, Ұлттық палатаның Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісова, бизнес-қауымдастық пен мүдделі ұйымдар өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар мұндай екі жақты әріптестіктің отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қолайлы жағдай жасауға ықпал ететіндігін атап өтті. Жүргізіліп жатқан ортақ жұмыс 2016 жылдың соңына қарай отандық кәсіпкерлер үшін Қытай нарығына шығуға мүмкіндік бермек.

Гүлмира Исаева қазақстандық өнімдердің қандай түрлері Қытайда сұранысқа ие екендігін айтып өтті. «Бүгінде қытайлықтар ақуызды жөн көреді, яғни етті көбірек жей бастады. Мұнда Қазақстан тамақтың табиғи құрамы жағынан Австралия, Бразилия, Аргентина елдерімен бәсекелесе алады. Қытай, сөзсіз, мұны мойындайды. Біз экспорт болжамын бағалап, бастапқы кезеңде-ақ 30 мың тонна сиыр еті мен 360 тонна қой етін жібере аламыз деген қорытындыға келдік», – деді ол.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, Қытайда қазақстандық бал, дәнді дақылдар, майлар, жеміс-жидектер жоғары сұранысқа ие екен. «Қытай мейрамханаларында қазақстандық ұннан жасалған кеспе артықшылыққа ие. Яғни ұнымыздың сапасына деген сенім бар, біздің азық-түліктеріміз премиум санатында», – деп атап өтті ол.

Қытай нарығына экспорттауға рұқсат алу үшін қазақстандық өндірушілер міндетті түрде өтуі тиіс рұқсат алу рәсімдеріне ерекше назар аударылуда. «Бұл күрделі рәсімдер, өйткені көбінесе Қытайдың талаптары халықаралық талаптарға қарағанда қаталырақ. Менің ойымша, бұл бізге жақсы, өйткені біздің өнімдер органикалық жағынан басқа жеткізушілермен салыстырғанда бәсекеге қабілеттірек, бұл процесті соңына дейін жеткізсек болды», – деп сөзін жалғады ол.

«Қытай нарығындағы қазақстандық азық-түлік маңайында қарақұрым халық. Суарда «Қазақстанның азық-түліктері» деген атаумен дүкен ашылып жатыр, ол жаққа қазірше азық-түліктерді шақтап жеткізуде. Бізге әріптестіктің жаңа сипатына көшіп, азық-түлікті ірі көлемде, сауда-саттықтың өркениетті әдісімен жеткізуіміз керек», – деп мәлімдеді Исаева.

Вице-министр бұл мәселеде бизнестің мемлекеттік органдармен ықпалдасуы маңызды екендігін атап өтіп, «Атамекеннен» бұдан арғы жұмыстарды талқылау үшін өз алаңына барлық мүдделі ведомстволар мен отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді жинауды сұрады. Жиынға қатысушы кәсіпкерлер маңызды мәліметтерге қанығып, мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.

«Біз үшін Қытай нарығы өзекті, өйткені өндірістің қазіргі көлемі кеңеюге мүмкіндік береді. Біз жаңа өнімдерді көп көлемде өсіруге мүдделіміз, алайда жергілікті нарық айтарлықтай үлкен емес деген ұғым бар. Ал жақын жатқан логистикалық бекет – Қытай. Біз бұл нарықтың ашылуын құп көріп отырмыз», – деді «БайсеркеАгро» ЖШС даму жөніндегі директоры Данияр Жанбаев.

Дана Жүнісова Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекеннің» жұмысын үйлестіру қажеттігін атап өтті. «Бүгінгі жиынның қорытындысы бойынша бізге осыған мүдделі адамдар тобын тартып, Қытайға экспорттау барысындағы отандық бизнестің мәселелерін шешудің нақты қадамдарын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құруымыз қажет», – деді ол. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын әр отырыс сайын қарау үшін, олармен кері байланысты жолға қоюға тапсырма берді.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына қолжетімділігі жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді  мына жерден оқуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер