«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл өмірінің көркін ашты

2016 жылғы 22 Тамыз
- Қызылорда облысы
13084 просмотров

Жосалы ауылындағы жергілікті кәсіпкер «Достық» автобекеті мен осы аттас сауда кешенін ашты

3 мың шаршы метрден астам сауда кешенінің аумағында заманауи құралдармен жабдықталған жазғы сауда орны, жабық сауда павильоны және химиялық өнімдерді сатуға арналған контейнерлер орналасқан. Бұлар барлық санитарлық нормаларға және сауда қызметін жүзеге асыру стандартына сай жабдықталған.

Кешеннің басшысы, жеке кәсіпкер Бақтияр Жұмабеков атап өткендей, нысан құрылысына 60 млн теңге жұмсалған. Осы кешеннің ішіне кіретін «Достық» автобекетінде кассалар орналасқан әкімшілік ғимараты, күту залы, асхана және медициналық орталық бар. Жанында автобус тұрағы, екі экологиялық көлік жуу орны мен техникалық жөндеу орталығы орналасқан.

Жоғарыда атап өткендей, Б. Жұмабеков сауда кешенінің маңынан жаңа технология бойынша жұмыс істейтін көлік жуу орнын ұйымдастырды. Бұл жерде тұтынушы өзінің көлігін сауда жасап жүріп-ақ, 20-30 минуттың ішінде жуып алады. Көлік жуу технологиясы суды, электрді, кәріз жүйесін қажет етпейді. Үнемді әрі ыңғайлы.

Автобекет басқарушысы Жанна Алипованың айтуынша, оларда «ПАЗ», «ГАЗель», «МАН», «Сетра» сынды 10-ға тарта автобус түрі бар. Қазір Қызылорда қаласы мен Қызылтам ауылы бойынша бағыттар ашылып қойды. Тендерлер өткізілгеннен кейін барлық аудандық аймақтарға қатынайтын автобустар жүре бастайды. Қазір бұл жерде 6 жүргізуші, екі диспетчер және екі медбике жұмыс істейді.

«Автобекеттің ашылуына «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС несиелендіруі ықпал етті, – дейді Б.Жұмабеков. – Былтыр маған 10 млн теңге бөлінді. Соған байланысты құрылыс аяқталып, автобекет пайдалануға берілді».

Осы нысандардың бой көтеруінің арқасында Қармақшының халқына жасалған жайлылық деңгейі артты.

Өңір басшысы бұрынғы әуежайдың жанындағы Жосалы ықшам ауданындағы құрылыс жобасымен танысты. Оны жүзеге асыру үшін 814 млн теңгеден астам қаражат керек. Жосалылықтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1300-ге жуық жер телімі беріледі. Бұл жерлерге жол салынып, электр жарығы, су және тағы басқа байланыс желілері тартылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер