«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедендік реттеу мәселелері сараланды

2016 жылғы 22 Тамыз
7019 просмотров

Сыртқы сауда палатасы Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі семинар өткізді

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасында «Кеден және сыртқы экономикалық қызмет 2016: ЕАЭО кедендік реттеуін жетілдіру» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Әділет министрлігі, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы, Халықаралық автомобильде тасымалдаушылар одағы сияқты мемлекеттік органдар мен ҚР бизнес-бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Шара отандық бизнес-қауымдастықты Қазақстандағы сырты экономикалық қызметті жүзеге асырудың ережелері мен жөн-жосықтарынан хабардар етуге бағытталды.

Семинар жұмысы барысында кедендік рәсімдерді жылдамдату мен жеңілдетуге бағытталған ЕАЭО Кедендік кодексі жобасының баптары қызу талқыланды. Сондай-ақ семинарға қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі кедендік алым мөлшерлемесі мәселесін сөз етті: Қазақстанға қазіргі баж салығынан төмен мөлшерлемеде қандай тауарларды әкелуге болады, мұндай тауарларды ЕАЭО-ға мүше басқа елдерге тасымалдағанда қандай шаралар қолдану қажет және т.б.

Сарапшылар қазақстандық кәсіпкерлердің ДСҰ жағдайында өз өндірістерін қорғау мүмкіндіктерін қарады; тауарды ЕАЭО-ға мүше елдер арқылы транзитпен Қазақстанға жеткізу үшін құжаттарды реттеу мәселесі, кедендік реттеу тұрғысынан артықшылықтар мен кемшіліктер, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше елдерден тауар тасымалдаған жағдайдағы салықтық бақылау қағидаттары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер