«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Созбалаң іске нүкте қойылды

2016 жылғы 22 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
10653 просмотров

Қасақана банкорттыққа ұшырау дерегі бойынша қаралған істің созылып кетуі салдарынан кәсіпкер ұзақ жылдар бойы әкімшілік шығындардың азабын тартып келген

Осылайша, 2013 жылы «Триада II» ӨК үстінен конкурстық іс қозғалып, сот шешімімен компания банкрот деп танылған. Алайда, бүгінгі күнге дейін,  конкурстық іс əлі де аяқталмай келеді.

«Конкурстық іс ШҚО-дағы экономикалық тергеу органдарының, бірнеше рет жаңартылған, қасақана, жалған банкорттыққа ұшырау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуі салдарынан әлі де аяқталмай отыр»,–дейді ӨК жетекшісі Ғалымжан Мұқашев.  

Десе де, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізудің шектеулі мерзімі бар екенін ұмытпаған жөн. 

Басшылықтың сөзіне сенсек, олар банкорттыққа несие берушілер алдында қарыздарын өтей алмау себебінен ұшыраған. Қарыздар қаржылық-шаруашылық қарым-қатынас нәтижесінде орын алған. Осылайша, ШҚО ААЭС шешімімен «Триада ІІ» ӨК несие берушілер алдында қарызы бар деп танылған. 

«Ақсуат ауылындағы аудандық аурухана құрылысын белгіленген уақытта аяқтау үшін, біз өзіміздің жылжитын және жылжымайтын мүлкімізді сата бастадық»,– деп еске алады ӨК басшысы. 

2009 жылдың соңында Ақсуат ауылында салынатын аурухана құрылысына қажет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты «Триада ІІ» ӨК-нің қаржылық жағдайы күрт төмендейді, салдарынан, аталмыш нысанның  құрылысын аяқтау үшін, жер телімі мен техниканы сатуға тура келген. 2009 жылғы елдегі қаржылық дағдарыстың салдарынан сатылатын техника мен жер телімінің бағасы күрт төмендеген. Сол себепті, басшылық қолдағы «барды» арзан бағаға сатуға мәжбүр болған.  

ШҚО МКД ЭТҚ органдарының сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүргізуі себепті конкурстық іс жүргізу аяқталмай, бұл өз кезегінде, әкімшілік шығындар сомасының артуына әкеп соқтырған.

Жағдайдың осылайша өрбуіне байланысты «Триада ІІ» ӨК ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге мәжбүр болды.

Аталмыш мәселе облыс прокуроры жанындағы қоғамдық кеңесте бірнеше мәрте қаралған-ды.

Нәтижесінде, ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеулер қызметінің қаулысымен «Триада ІІ» лауазымды тұлғалары қызметінде қылмыстық заң бұзушылықтарға жол берілмегендіктен, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тоқтатылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер