«Атамекен» бизнес өкілдерінің Кедендік кодекс жобасын талқылауда белсенді болуын сұрап отыр
ЕАЭО Кедендік кодексі жобасының мемлекетішілік келіссөзі басталды
12 тамызда Сочиде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасын мақұлдап, мемлекетішілік келісуге жібергені аян. Құжатқа 2016 жылғы желтоқсан айында өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында бес мемлекеттің басшылары қол қояды деп жоспарланып отыр.
ЕАЭО Кедендік кодексі жобасы екі жарым жыл бойы әзірленіп, оны жасауға мемлекеттік органдар мен Еуразиялық экономикалық одақтың іскерлік орталарының өкілдері қатысқан. Әзірлеу барысында мүше мемлекеттердің 1500 ұсынысы қаралған.
Жаңа Кедендік кодекске ЕАЭО-дағы құқықтық қатынастарды реттейтін қолданыстағы 20-ға тарта халықаралық келісім, сонымен бірге осы салаға әсері бар халықаралық келісімдер жобасы кодификацияланған.
Кеңестегі бірыңғай кедендік реттелуді қарастыратын Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің 32-бабын жүзеге асыру үшін ЕАЭО Кедендік кодексінің айтарлықтай құзыреттер сегменті ұлтүстілік деңгейге берілді. Бұған келіссөздер кезінде Қазақстан қарсы болған.
Мәселен, қазақстандық бизнес мемлекеттік органдармен бірге шамамен 552 түзету жасаған, кодекс жобасында олардың 65%-ына дерлік ескерілген.
ЕАЭО Кедендік кодексіндегі негізгі қосымшаларға мыналар жатады:
- Электронды декларациялау (қағазсыз) басымдығы;
- Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) бағдарлары істен шыққан жағдайда, тауарларды автоматты түрде шығару;
- Кедендік декларацияны кедендік органға құжаттардың толтырылуы негізінде оларды ұсынбай беру және бұл құжаттарды тек ТБЖ бағдарлары іске қосылған жағдайда ғана ұсыну;
- Бірыңғай терезе механизмін пайдалану;
- Іске қосылғанға дейін шығару мүмкіндіктерін кеңейту;
- Өкілетті экономикалық операторға ұсынылатын арнайы жеңілдіктер тізімі айтарлықтай артқан;
- Кедендік бақылау кезеңінен гөрі тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге көбірек назар аудару;
- Қосымша уақыт беру механизмі қайта қаралды.
Осылайша, жаңа Кодекс кедендік рәсімдеу мерзімдерін қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізуге жемқорлық құрамдасты азайтуға және бюджетке түсетін төлемдер көлемін арттыратын сауданың өсіміне септігін тигізуге мүмкіндік беруі керек.
Алайда, Ұлттық палата мен бес елдің бизнес ортасының пікірінше, жаңа Кедендік кодекстің біркелкі түсіну мен ұғынуға қиындық келтіретін тілде жазылғаны соншалық, тіпті оның қыр-сырын бизнес қана емес, кеденшілердің өздері де бірнеше жыл бойы қолданғаннан соң барып қана меңгере алмақ.
Еуроодақ Кедендік кодесінің нобайлы шартымен салыстырғанда жаңа құжатта бизнес үшін туындауы мүмкін тәуекелдер бар. Мұндай тәуекелдер ретінде процедуралардың тым егжей-тегжейлі баяндалуы, өзгерістер енгізудің күрделі әрі ыңғайсыз процедурасын атауға болады. Кодексті жасауға бизнес-қоғамдастықтың сарапшыларын тартудың рөлі зор болды, бірақ, өкінішке қарай, бұл мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер мүддесінің теңдей қарастырылуын қамтамасыз ете алмады. Ұлттық палатаның пікірінше, сауда процедураларын жеңілдетудің тиімді құралы ретінде ұсынылып отырған ЕАЭО Кедендік кодексі бизнес үшін жауапкершіліктердің арта түсуіне, құқықтардың тапталуын бұдан бетер көбейтуге әсер етеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары ЕАЭО Кедендік кодексі жобасының мемлекетішілік келіссөз процедурасын биылғы жылдың 20 қыркүйегіне дейін аяқтауы тиіс. Осыған байланысты, Ұлттық палата кәсіпкерлік қоғамдастықты басты кедендік құжатқа келісім беруге белсенді атсалысуға шақырып отыр.
Өз ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды Ұлттық палатаның Кедендік әкімшілеу департаментінің мына электронды мекен-жайына биылғы жылдың 31 тамызы мерзіміне дейін жолдай аласыз: e.karimova@palata.kz.
Кодекс жобасының мемлекетішілік келіссөзі аясындағы талқылау Ұлттық палата алаңында осы жылдың 17 тамызы күні Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың төрағалығымен басталды.
Шара шеңберінде мемлекеттік органдар өкілдерінің, арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының, тәуелсіз қоймалар иелерінің және өзге де кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасы бойынша тараптардың тұжырымдамалық келіспеушіліктері талқыға салынды. Ресей Федерациясының шетке шығарылатын тауарлардың шығу тегін анықтау ережелерін бекіту туралы ұлттық заңнама құзыретін алып тастауды қарастыратын ұсынысы қаралды.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта Одақ аумағынан шығарылатын тауарлардың шығу тегін анықтау ережелерін сәйкестендіретін ережелердің болмауы себепті, сонымен бірге мұндай норма енгізген жағдайда кәсіпкерлер үшін айтарлықтай жүктемелер мен тәуекелдер туындауы мүмкін екен ескере отырып, қазақстандық бизнес шетке шығарылатын тауарлардың шығу тегін анықтау ережелерін бекіту жөніндегі ұлттық заңнаманың құзыретін сақтау туралы Ұлттық палатаның ұсынысын бірауыздан қолдады.
Сонымен бірге, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының ұсынысы да талқыланды. Олардың ұсынысы Қазақстан Республикасында ДСҰ мөлшерлемесі бойынша шығарылатын тауарлардың, халықаралық шарттардың нормаларында тікелей қарастырылған жағдайларда, ЕАЭО бүкіл аумағындағы еркін айналымын қамтамасыз ету мақсатында мұндай тауарларға қатысты қосымша кедендік төлемдерді төлеу мүмкіндігін шектеуді қарастырады.
Ұлттық палата халықаралық шартта тыйым салынған жағдайлар болмаса, қосымша кедендік төлемдерді төлеу әрдайым мүмкін екенін бекітуді ұсынып отыр.
Талқылау нәтижелері бойынша қазақстандық бизнес қосымша кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі Ұлттық палатаның ұсынысын бірауыздан қолдады.
Сонымен бірге, Ұлттық палатаның ЕАЭО Кедендік кодексі жобасынан тауарлардың жеткілікті қайта өңделуінің бірыңғай критерилерін алып тастау мәселесі де қаралды. Аталған мәселе бойынша түсіністікке қол жеткізіліп, 2017 жылғы 1 қаңтарда мерзімі өтетін кедендік жеңілдіктердің бірыңғай критерийлерін қосу келісілді. Шара қатысушылары «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысына қолдау білдірді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес өкімімен мына жерде танысуға болады.
ЕАЭО Кедендік кодексімен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Бауыржан