«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік мекемелердің мәнсіз тірлігі

2016 жылғы 18 Тамыз
- Ақмола облысы
6343 просмотров

Шенеуніктердің немқұрайлығы қанға сіңген әдетке айналғандай ма?! Облыс шенеуніктері Ақкөл ауданының кәсіпкері туралы қарама-қайшы мәлімет берді

«ВитаПрофи» ЖШС сату бөлімінің басшысы Надежда Гаричанова 8 тамыз күні ӨКП жергілікті филиалына келіп жүгінеді. Кәсіпкер әйел бұзаулары үшін дайын жемшөп болып табылатын, құрамында генетикалық модифицияланған зат жоқ, табиғи сүт алмастырғышты тіркеу мәселесін шешу туралы өтініш білдірген.

Палата филиалының сарапшылары табиғи сүтті алмастырғыш өнімді елге алып келу үшін, декларацияға және импортқа рұқсат ету қағазы сынды міндетті құжаттардан бөлек, аталған өнімді тіркеу қажет деп тұспалдайды. Сол себепті де ҚР Ауылшаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына тиісті сауал жолдаған. Ведомства жауабы да көп күттірген жоқ. Ол жерде компанияға тіркеудің  қажет екенін хабарлайды.

Сонда да, күдігін жою үшін, Палата сарапшылары аталған комитеттің тамақ өнеркәсібі басқармасынан кеңес алады. Ол жерде ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес және Кеден одағының шешіміне сай үшінші елдерден импортталған табиғи сүтті алмастырғыш өнім  мемлекеттік тіркеуге жатпайтыны расталады. Яғни, инспекцияның талабы заңсыз және негізсіз болып отыр.

Тек Кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін ғана аумақтық инспекция «ВитаПрофи» ЖШС-ға қосымша хат жолдайды. Хатта шеттен әкелінген өнім тіркеуді қажет етпейді деп жазылған. Ең қызығы, шенеуніктер бұл қателігін мойындаудың орнына, бұл мәселенің олардың құзырында емес екенін, тек қана ведомствоға қатысты қызмет аясында ғана қарағанын айтып ақталады.

Айта кететіні, егер кәсіпкер сүт алмастырғыш өнімді тіркейтін болса, 3-5 ай күтуіне тура келетін еді. Мемлекеттік органның қателігі компанияны қиындыққа ұшырата жаздады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер