«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

3 кәсіпкер әйел грант иегері атанды

2016 жылғы 17 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
11626 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 7 кәсіпкер грант иегері атанды. Оның 3-уі Лидия Шеремет, Гүлшат Шәкірова, Алла Әсетова сынды кәсіпкер әйелдерге тиесілі

«Шеремет» ШҚ басшысы Лидия Шеремет өзіне бөлінген қаражатқа Айыртау ауданында бақша өсіріп, облыс нарығын алма, алмұрт, алша, қара өрік, шие сынды т.б. өнімдермен қамтамасыз етпек. Ал Қызылжар ауданының тұрғыны Гүлшат Шәкірова электрохимиялық жандандыру арқылы өңделген, антиоксидантты қасиеттері бар дезинфекциялаушы құрал мен су өндіруді қолға алмақ. Үшінші грант иегері Алла Әсетова, Петропавл қаласында «В» және «С» санатты жүргізушілерді тәжірибе жүзінде көлік жүргізіп үйретуге арналған автодром салуды ұйымдастырмақ. Кәсіпкер әйелдердің әрқайсысы 1,1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін иеленді.

Жалпы, грант ұтып алған кәсіпкерлер өз бизнесін бастап, оны ары қарай дамыту үшін 300 мыңнан 3 млн теңгеге дейін қаражат алды. Гранттың жалпы сомасы – 16 млн теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер