Белсенді ықпалдастық
Кәсіпкерлер құқықтарының бұзылмауын қадағалау – ӨКП мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасы арасында қол қойылған меморандумның негізгі мақсаттарының бірі
Тараптар кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелік мәселелер мен кедергілерді анықтау, оларды шешу бойынша кешенді шаралар ұсыну, бақылау-қадағалау органдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне заңсыз тексерістер жүргізу деректерін жою бойынша шаралар қабылдау, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға талдау жасап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу арқылы ықпалдастықты дамытуды қолдайды.
Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Жанаев атап өткендей, басқарма мен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы белсенді ықпалдастық осы жылдың маусым айында өткен «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты форумда қозғалған мәселелерді табысты іске асыруға көмектесуге бағытталған.
Келісімге қол қою прокуратура органдары мен бизнес-қауымдастық арасында жолға қойылған өзара ықпалдастықтың заңды жалғасы іспетті. Тараптар келешекте кәсіпкерліктің дамуына қатысты өзекті мәселелерді шешуде, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда күш біріктірмек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: