«Атамекен» инновацияларды дамыту жобасын қолдайды
Бұдан бөлек, Ұлттық палата өкілдері, ғалымдарға арналған ашықтық шарттарына қоғамдық бақылау ұйымдастырады
Қазақстан Республикасы елде коммерцияландыру жүйесін дамыту мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірігіп, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске қосты. Оны ұйымдастырушылар қатарында – ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Өнімді инновацияларды ынталандыру», Ұлттық ғылым академиясы бар.
Жобаның мақсаты – озық ғылыми технологияларды өз елімізде қолға алып, өзекті зерттеулер жүргізуді және технологияларды коммерцияландыруды ынталандырып, бірегей жобалар мен бастамаларды – әзірлеу сатысынан бизнес-процеске айналдыруды жүзеге асыра отырып, өндіріске енгізу. Жоба 2020 жылға дейін жүзеге асырылады және ұлттық деңгейдегі бірінші кезең бүгіннен басталады. Гранттарды өзінің ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынған зерттеушілер тобындағы аға және кіші қызметкерлердің алуына болады. Жобалар үш жылдық кезеңде іске асырылады. Осы аралықта грант иегерлері аралық есеп тапсырып отыруға тиісті.
Жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тарапынан да қолдауға ие болды. «Бұл, бірінші кезекте, бизнестің өзі ғылыми қызығушылық танытып отырған сирек кездесетін жобалардың бірі. Және де ғылыми ұйымдармен тек қана бірлесіп орындаушы ғана болып қоймай, бастамашылардың бірі болуға үлкен мүмкіндік. Жақсы идеялы жобалары мен серіктестері бар кез-келген компания, жеті адамға дейін топ құрып, отандық және шетелдік ғалымдарды шақырып, жаңа бастамалар көтере алады», – деді ОКҚ брифингі барысында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов.
Гранттар озық ғылыми технологияларды өндіріс нарығына енгізуді мақсат тұтқан алдыңғы қатарлы қазақстандық ғалымдарға, жас, талантты зерттеушілерге және кәсіпкерлерге ұсынылады. Грантты ұсыну мерзімі – 3 жыл. Гранттың ең жоғарғы сомасы аға ғылыми қызметкерлер тобына 230 млн теңге болса, кіші ғылыми қызметкерлер тобына 180 млн теңге.
«Мен ғылымды көп қажет ететін өндіріс орындары мен кәсіпорындарды белсенді қатысуға шақырамын, уақыт аз қалды. Бірінші кезең – 31 тамызға дейін, сол үшін құжаттарды өткізіп үлгеру керек. ҰКП қоғамдық бақылауды да жүзеге асыруға ниетті. Өйткені барлық рәсімдер ашық түрде өтіп, әр ұйымның тең дәрежеде қатысуы маңызды», – деп түсіндірді Мұрат Әбенов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: