«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Эмитент қызметіндегі өзгерістер туралы құнды қағаз иелері мен өкілетті органдарға хабарлап отыруы керек

2016 жылғы 12 Тамыз
11903 просмотров

«Құнды қағаздар нарығы» туралы Заңның бұл ережесі жайында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі хабарлады

Қазақстан Республикасы заңымен  бекітілген, ақпаратқа қосымша ретінде қор биржасы тізіміне енген құнды қағаздардың эмитенттері ҚЕД (қаржылық есеп дипозитариі) мен қор биржасының интернет ресурсына орналасуын қамтамасыз етеді. Тізімге эмитент шығарған құнды қағаздар, жылдық және тоқсандық қаржы есептері, аудиторлық есептер мен ақпараттар, аталмыш баптың 2-тармақшасында көрсетілген тізім, өкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілердің реті мен мерзімі енеді.  

Эмитент өзгерістер енгізілгеннен күннен бастап, күнтізбенің он бес күні ішінде өкілетті органдар мен бағалы қағаз иесінің өкіліне (бар болған жағдайда) осы туралы ақпарат ұсынуы тиіс. 

ҚҚН туралы Заңның 102-бабының 2-тармақшасында көрсетілген өзгерістерді, эмитент, құнды қағаздар иелеріне ақпаратты ҚЕД биржасының интернет ресурсына енгізу арқылы жеткізеді және өкілетті органдар бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сай өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбенің он бес күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес, бағалы қағаздар иелеріне қатысы бар Эмитенттің  қызметіндегі өзгерістер туралы, эмитент, өкілетті органдардың бағалы қағаздар иелеріне,  қор биржасындағыларға (қор биржасы тізіміне құнды қағаздары енген эмитент) ҚЕД интернет-ресурсына ақпаратты жария етуі және өкілетті органдар бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сай, өзгерістер енгізілген күннен бастап он бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау арқылы білдіру қажет, сондай-ақ, эмитент пен өкіл арасында келісілген, бағалы қағаздар иелерінің мүдделерін көрсету туралы бекітілген келісім-шарттағы мерзім мен ретке сәйкес бағалы қағаздар иелеріне (бар болған жағдайда) таныстырылуы тиіс.  

Қосымша ақпарат бойынша ҚР ҰБ байланыс нөмірі: 8 (727) 278 81 04 (ішкі 1085).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер