«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сапа мен баға үйлесім тапқанда

2016 жылғы 11 Тамыз
- Павлодар облысы
6132 просмотров

«Город мастеров» фирмасының табысқа жету кілті – сапа мен баға саясатының үйлесім табуында

Кәсіпорын жұмсақ жиһаз шығарумен айналысады және заманауи өндіріс кешенімен жабдықталған. Мекеменің бүгінде іскерлік байланысы мол және сенімді серіктес ретінде өзін таныта білген санаулы кәсіпорындардың бірі.  

«Город мастеров» фирмасы өз қызметін 2000 жылдары бастаған. Дәл осы жылы жас кәсіпкер Виталий Битнер ата-анасының ескі үйінде жиһаз құрастыруды қолға алады. Уақыт өте келе, шебер өз шеберлігін шыңдай түсіп, оның жиһаздары сұранысқа ие бола бастаған. Жиһаз шеберінің ісі ілгері басқан соң, әкесі әкімшілік жұмыстарымен айналысып, осы кәсіпке біртіндеп әулеттің барлық мүшелері араласа бастайды.

Бүгінгі таңда, жиһаз өндіру саудасы аяғынан нық тұрып, болашаққа деген зор сеніммен қарыштап дамып келеді, сонымен қатар, кәсіпорын 70-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр.   

16 шілдеде өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында ЖК А.В. Битнердің «Город мастеров» фирмасы «Тұрғындарға арналға үздік тауар» аталымы бойынша  III орынды иеленді. Бұл тұтынушылардың «Город мастеров» өнімдеріне деген зор сенімінің дәлелі іспетті.   

Осы орайда, бизнесті жүргізу тәжірибесі мен оны одан әрі дамыту перспективаларына қатысты жайлы Виталий Битнер өз ойларымен бөлісті.

– Виталий Альбертұлы, осы жылдар ішінде фирма қандай жетістіктерге жетті?

– Фирма өз жұмысын бастағалы бері дамудың қиын да күрделі жолын басынан өткерді. Біз заманауи өндірістік кешен құрып, тауардың өтімділігін арттырдық. Қазіргі таңда, біздің тауар бүкіл Қазақстан бойынша сатылымда және болашақта басқа да нарықты жаулап алу жоспарымыз бар.

Кез келген бизнесте, дамудың әр деңгейінде, тұрақтылық теңгерімі, өнім сапасы мен өз міндеттеріңді атқару қағидаларына сүйену қажет деп ойлаймын. Біз бір орында іркіліп қалмаймыз, одан әрі дамуды көздейміз. Жыл сайын жаңа үлгідегі 5 жиһаз өндіру ісін қолға алып келеміз. Бір қуантарлығы, дағдарыс алқымымыздан алып тұрған уақыттың өзінде, біз тыбысымызды жыл сайын 15%-ға арттырып келеміз. Ал, бүгінгі күні, дәл осы іспеттес өндіріс ошағының құрылысын Ақтау қаласында салу ісімен шұғылданып жатырмыз. 

– Бизнесті жүргізу барысында неге басымдық бересіз?

– Бір орында тоқтап қалмай, бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу керек. «Город мастеров» фирмасы жаңа үрдістерді үнемі назарынан тыс қалдырмайды және көптеген жиһаз өндірушілер көрмелеріне қатысып тұрады. Табысты бизнестің кілті ретінде өнім сапасын бақылауда ұстауды жатқызар едім. Сонымен бірге, қызметкерлермен тіл табысып, оларды басқару да үлкен өнер. Қызметкерлерді сапалы өнім жасауға үнемі ынталандырып отыру керек. Сондай-ақ, клиенттермен де жақсы қарым-қатынас орната білу туралы да ұмытпаған жөн. Себебі, сауардың өтімділігі клиент көңілінен шыға білуіне тікелей байланысты болып келеді.

– Сіздің ойыңызша, «Қазақстанның үздік тауары» немесе «Алтын сапа» байқауларына қатысу бизнеске не береді?

– Біз бұған дейін де осы сынды талай байқауларға қатысқанбыз. Алғашында, әрине мұндай байқауларға қатысу бізге зор тәжірибе берді, себебі, беделді комиссия мүшелері біздің өтініштерімізді қарап, өз ісімізді жетілдіруге ынталандыра түсті. Сол себепті, біз осы күнге дейін жеткен жетістіктерімізге тоқмейілсімей, биыл да байқауға қатысуды жөн санадық. Біздің жұмысымызға оң баға беріліп жатқанын көріп, қатты қуандық. Байқаулар сапа мен өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, сонымен қатар, бизнестегі әріптестерді табу мен өз өніміңді паш етудің таптырмас құралы деп санаймын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер