«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңның қандай болатыны, кәсіпкердің өз қолында

2016 жылғы 11 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
7706 просмотров

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесте кәсіпкерлердің құқықтарын қатысты нормативтік-құқықтық актілерді (НҚА) әзірлеу мен тіркеудегі жергілікті атқарушы органның жұмысы сөз болды

Әділет департаменті НҚА тіркеу жөніндегі бөлімінің бас маманы Жәнібек Әбдіманов атап өткендей, қазіргі таңда бизнестің мүддесіне қатысты бір де бір нормативтік-құқықтық акт Кәсіпкерлер палатасының сараптамасынан өтпестен заң органдарында тіркелмейді.

2015 жылы сараптамалық қорытынды алу үшін Палатаға жергілікті атқарушы және өкілдік органдардан 160, ал 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 84 нормативтік-құқықтық акті жобасы келіп түскен.

Нормативтік-құқықтық актілер жобасы негізінен жер мөлшерлемелерінің нормаларын бекіту, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне субсидия нормативін бекіту, мемлекеттің қызмет көрсетулерді реттеу және т.б. сияқты мәселелерге қатысты болған.

2015 жылы келіп түскен 160 НҚА жобасының 16-сын заңнама талаптары сақтамағандықтан, Кәсіпкерлер палатасы «қаралмаған» деген белгімен кері қайтарған, 48 нормативтік-құқықтық актілер жобасына сәйкесінше өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін «ескертпелермен» сараптамалық қорытынды берілген.

2016 жылдың І жарты жылдығында ҰКП-ға келіп түскен 84 жобаның 2 жобасын Кәсіпкерлер палатасы «қаралмаған» деген белгімен кері қайтарса, 31 жобаға «ескертпелермен» сараптамалық қорытындылар берілген.

Сараптамалық қорытынды беру барысында БҚО Кәсіпкерлер палатасы міндетті тәртіпте кәсіпкерлік субьектілерінің пікірлері мен ұсыныстарын ескереді әрі ескертпелер мен ұсыныстардың 90%-дайы мемлекеттік органдар тарапынан ескерілген.

Палатаның құқықтық блогының сарапшылары үздіксіз ескертпелерге қарамастан, уәкілетті органдардың сараптамалық қорытынды алу үшін ҰКП-ға қолданыстағы заңнама талаптарына және жеке кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен мүдделері қағидасына сай келмейтін жобаларды жіберуін тоқтатпай отырғандығын атап өтті.

Сонымен қоса Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Саид Садаров жергілікті бизнес-қауымдастықтың заң баптарын шығару қызметіне белсенді түрде қатыспай отырғандығын тілге тиек етті.

Кеңес мүшелері НҚА жобаларының сараптамасы туралы кәсіпкерлерді қалай хабардар етуге болатындығы туралы, барлық мүмкін ресурстарды, соның ішінде http://oral.palata.kz сайтын жиі қолдану қажеттігі туралы шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер