«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Демалыс орындары мен шипажайларға жабылу қаупі төніп тұр

2016 жылғы 11 Тамыз
- Жетісу облысы
8454 просмотров

Кәсіпкерлер пайдалы қазбаларды шығару үшін тағайындалған салық мөлшерлемесіне (ПҚӨС) қарсылық танытуда

Салық кодексіндегі жаңа өзгертулер жер қойнауын пайдаланушы кейбір кәсіпкерлерді  банкротқа ұшыратуы ықтимал. Бизнес-қауымдастықтың сөзіне сенсек, қазіргі 1 текше метрге 1 АЕК мөлшерлемесімен бизнес жүргізу  мүмкін емес. Осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстелде Ұйғыр және Іле аудандарының жерасты суларын шығарумен айналысатын кәсіпкерлері дабыл қақты. Кодекстегі жаңа мөлшерлеме жайлы кәсіпкерлер салық хабарламасымен танысқаннан кейін ғана хабардар болғаны анықталған. Ол талаптар бойынша, кәсіпкерлер салықты мамыр айында төлеуі тиіс болған. Алайда, бизнес өкілдері бұған қарсылық білдіруде.

ПҚӨС, ыстық су қайнарларын енді тауып, өңірлік туризмді жаңадан қолға алып және туристік бағдарларды енді ғана анықтаған кәсіпкерлер үшін қолбайлау болып отыр. Мәселен, биылғы жылдың өзінде, ПҚӨС 100 есеге дейін өскен.

Осылайша, бұған дейін жылына 400 мың теңге төлеп келген компаниялар, енді, жаңа мөлшерлеме бойынша, тек бір айда  11 млн 109 мың теңге төлеуге тиіс болған. Ал жылына 133 млн 317 мың теңге төлеуге мәжбүр!  ПҚӨС мөлшері кәсіпкер табысынан бірнеше есе көп және оны төлеу мүмкіндігі де аз.  

«Біз бұл жағдайға көз жұмып қарай алмаймыз және миллиондаған салықты төлей алмаймыз. Мұндай жағдай демалыс орындары мен  жоспарланған туристік бағдарлардың жабылуына, жұмыс орындарының қысқаруына әкеліп соқтырады», – деді «Premium SPA Resort» демалыс орнының директоры  Руслан Мейрембаев. 

Бүгінгі таңда, міндетті салықты төлемеу салдарынан мемлекеттік кірістер органдарымен кәсіпкерлердің есеп айырысу шоттары жабылуда. Ал бұл, компанияның барлық қаржы операцияларын тоқтатады. Ал мемлекеттік кірістер басқармасы ПҚӨС азайту бастамасын толығымен қолдайды.

Сонымен қатар, «Ақбұлақ», «Керімағаш», «Жаркент Арасан» сынды Қазақстандағы белгілі шипажайлары бар Талғар, Панфилов, Ескелді аудандарының кәсіпкерлерінен шағымдар келіп түсуде. Сауықтыру орталықтары да жаңа мөлшерлеме бойынша жерасты суларын өндіргені үшін миллиондаған салық төлеуі тиіс болады және бұл басқа да шығындарды қоспағанда. Дәл осы себепті, сауықтыру кешендерінің көпшілігі өз жұмыстарын тоқтатуы әбден мүмкін.

Десе де, түйткілді мәселені шешу мүмкіндігі де жоқ емес. Мысалы, жыл басында дәл осы жағдайды алкогольді, алкогольсіз сусындарды шығарушы және тамақ өндірісімен шұғылданатын кәсіпкерлер өткерген еді. Ескере кететін жайт, мұндай кәсіпкерлер де жер қойнауын пайдаланатын кәсіпкерлер қатарына жатады. Көптеген наразылықтардан кейін, бизнес тарапы мөлшерлеменің азайюына қол жеткізді. Осылайша, жаңа өзгерістер бойынша, ПҚӨС мөлшерлеменің 25%-ы көлемінде төленетін болды.

Сол себепті, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Анар Қалабаева «Атамекен» ҰКП-на мөлшерлемені бекітілген тарифтің 0,3-0,6%-на (6-12 теңге) дейін азайту туралы ұсыныс жолдады. Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелерді шешу мақсатында есептер мен негіздемелер жасау үшін өз ұсыныстары мен материалдарын жолдау ұсынылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер