«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

2016 жылғы 11 Тамыз
- Жетісу облысы
8763 просмотров

Талдықорғанда Кәсіпкерлердің қалалық кеңесі құрылады

Қала әкімдігінде Кәсіпкерлердің қалалық кеңесінің ережелерін түсіндіруге арналған кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жұмыс органын Өңірлік кеңестің бастығы Римма Салықова таныстырды.

«Кәсіпкерлер кеңесі дегеніміз – қоғамдық жұмыс. Тек белсенді ұстаным ғана міндеттерді шешіп, олардың шешу жолдарын тауып, ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Қалалық кеңеске ішкі түйсікпен, бизнестің дамуы үшін үздік жағдай жасауға көмектесу үшін тәжірибесімен бөлісуге келеді. Басты талап – ол адамдар беделді, адал әрі бастамашыл болулары қажет», – деді Өңірлік кеңес төрайымы.

Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев өзінің баяндамасында әкімдік саясатының бизнеспен ортақ жұмыс жүргізуге бағытталғандығын атап өтті.

«Қалалық кеңес құру қала үшін де, кәсіпкерлердің өздері үшін де қажет. Талдықорғанда ауыл шаруашылығының үлесі көп емес, негізгі басымдық шағын және орта бизнеске түсіп отыр. Бізде өнеркәсіптік кәсіпорындардың бар екендігіне қарамастан, индустриалды аймақ құрылуда. Сондықтан шағын және орта бизнеске екпін берудеміз. Қаланың 85 мың белсенді тұрғынының 26 мыңы шағын және орта бизнес өкілдері», – деп атап өтті қала басшысы.

Сондай-ақ туризм комитеті (Өңірлік кеңестің жанынан құрылған) мен ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің жұмыс қорытындылары тыңдалды. Мәселен, «әйелдер кеңесінің» басшысы Мамила Мұсабекова әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шараларын құру әлі де өзекті болып қалып отырғандығын айтты.

«Кеңеске ең белсенді әйелдер жиналған, аудандарда Іскер әйелдер кеңестері құрылды. Жақында Ақсу ауданында кәсіпкер әйелдерге арналған өңірлік форум өтті. Өңірде әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі 32% екенін атап өткім келеді, алайда республика көлемінде бұл көрсеткіш – 41%. Бұл – әйелдерді кәсіпкерлікке тарту, олардың кәсіпкерлік бастамаларына көмек беру жұмыстарын күшейту қажет деген сөз», – деп сөзін жалғады Кеңес басшысы.

Бизнес мәселелері мен Кеңесті қолдау туралы пікірін Қалалық кеңеске үміткер, «Дархан-К» ЖШС жетекшісі Дәрібек Қарабасов та білдірді.

«Көптеген кәсіпкерлер мемлекеттік органдардағы әуре-сарсаң мен қағазбастылыққа көңілдері толмайды. Егер мемлекеттік органға өтініш білдіре барсаң, «мәселең ешқашан шешілмейді» деген пікір қалыптасқан. Сондықтан осындай Кеңестің құрылып жатқандығы бізді қуантуда. Соның арқасында біз осындай мәселелерді көтеріп, оның шешілуіне көмектесе аламыз», – деп атап өтті Д.Қарабасов.

Айта кетерлігі, Қалалық кәсіпкерлер кеңесіне үміткерлер Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі отырысында бекітіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер