«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын несие: пайдалы, тиімді, жеңіл

2016 жылғы 10 Тамыз
- Жетісу облысы
9491 просмотров

Ақсу ауданының 10 кәсіпкері «Бизнес-өңірлер» бағдарламасы аясында шағын несие алды  

Бұл жөнінде филиал директоры Руслан Тұрсынов Аудандық кәсіпкерлер кеңесі ережелерін түсіндіру мақсатында өткен кездесуде  айтты.

«Біздің аудан алғашқылардың бірі болып өтініш білдірді. Бүгінде қызылша өсіретін 10 кәсіпкер 32,9 млн теңгені құрайтын қаражатты алып та үлгерді.  Шаруа қожалықтарының басым көпшілігі қаражатты тыңайтқыштар мен арнайы құрылғыларды алуға жұмсады. Бұдан басқа тағы 19 өтініш әлі қаралып жатыр», – деп атап өтті Р.Тұрсынов.

«Әлихан» шаруа қожалығының басшысы Берік Тынышбаев бағдарлама бойынша ең көп көлемдегі қаражатқа ие болды. Оның айтуынша, тиімді пайыздық төлемі бар қаржылық қолдау бизнес үшін таптырмас көмек болды. 

«Қызылша өсірумен айналысқаныма біраз уақыт болды. Алайда, осындай тиімді шарттарды бірінші рет көріп тұрмын. Палатада біздің құжаттарымызды жинап, кеңес берілді. Көп уақыт күтпедік.  6 млн теңге алдым. Қаражатты тыңайтқыштарды алуға, жұмысшылардың жалақысын беруге жұмсадым. Өнім жинағаннан кейін, біртіндеп қайтара бастаймын»,–дейді шаруа.

Сонымен қатар, өңірлік филиал тағы 5 өтініштің оң шешімін табуына септігін тигізді.   Олар жер заңы мен су тарту мәселелеріне қатысты болған.  Осы орайда, прокуратура органдарымен бірге Қапал және Қарашілік ауылдық округтерінде ұйымдастырылған бірлескен кездесулерді де атап өткен жөн. Тұрғындармен өткен кездесулерде мал ұрлығының алдын алу, жер заңы талаптарын түсіндіру, кәсіпкерлер құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері қаралды. Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер Ақсу ауданы поркурорына шешілмей жүрген проблемаларын айтып, сауалдар жолдай алды. 

Кәсіпкерлермен кездесу барысында, ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаева Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің ережелерімен таныстырып, кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерін бизнестің түйткілді мәселелерін талқылауда белсенділікке шақырды.

Бір айта кетерлігі, аудандық кеңестерді құру бастамасына жергілікті билік өкілдері қолдау көрсетіп, Палатаның аудан бизнесін дамытудағы үлесі үшін өз алғыстарын білдірді.

«Аудандық кеңес – қажетті жұмыс органы болып табылады. Ол шағын және орта бизнес құруға қажет шарттардың жасалуына  түрткі болады.  Сондай-ақ, бірлесе отырып, келелі мәселелерді шешу мүмкіндігі туып отыр. Сондықтан, бастысы, кәсіпкерлердің өздері осыған мүдделі болуы тиіс. Біз өз кезегімізде, аудандық кеңеске болашақта да көмек көрсететін боламыз», – деді аудан әкімінің орынбасары Базархан Сейілханұлы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер