«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық өндірушілерді қолдау жолында

2016 жылғы 09 Тамыз
- Шымкент қаласы
14492 просмотров

Арнайы заңнама баптарының жоқтығы, сатып алуларда қазақстандық өнімдерден көрі, шетелдік өнімдерге басымдық беретіндерді жазалауға кедергі болып отыр

Оларға қатысты заңнамалық деңгейде қандай да бір санкция қолдану мүмкін емес. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушылар ғана Қазақстанда шығарылатын өнімдерді сатып алуға міндеттеліп отыр. Мемлекеттік органдар үшін аталған нормалар 2016 жылдың 1 қаңтары күні алып тасталынған. Мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сатып алулардағы жергілікті құрамды қалай арттыруға болатындығы туралы ОҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте айтылды.

Тақырыптың өзектілігі сонда, Қазақстан Үкіметінің сатып алулар барысындағы мемлекеттік органдар сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлерінің жалпы көлеміндегі қазақстандық құрамның деңгейін арттыру мен импорттың орнын алмастыруға бағытталған саясатына қатысты болды. Сондықтан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен республиканың барлық өңірінде, соның ішінде ОҚО-да да жергілікті құрамды арттыру және мониторингілеу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды.

Палатаның қатысуымен ОҚО-да екі комиссия жұмыс істеуде. Бірі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сатып алуларын мониторингілеу үшін құрылса, екіншісі ОҚО-да орналасқан «Самұрық-Қазына» холдингінің еншілес компанияларының сатып алуларын мониторингілеу мақсатында құрылған.

«Комиссия біздің тауарларды талдап, мониторингілеп, жүйелік мәселелері мен олардың бәсекеге қабілетсіздік себептерін анықтайды, оңтүстікқазақстандық өндірушілерге көңіл бөлуді ұсынады, осылайша, жергілікті өнімнің өтуіне көмектеседі, – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғазизбек Нәтбаев. – Алайда мұның барлығы кеңес беру сипатында».

Жұмыс комиссияларының құрамына ОҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері енген. Олар отандық тауар өндірушілермен 5 көшпелі жиын өткізді. Жұмыс комиссиясы отандық өндірістің материалдары мен құрал-жабдықтарының бар-жоқтығын анықтау үшін жобалық-сметалық құжаттарды мониторингілеуді жүргізеді және құрылыс нысандарына барып, мониторингілейді, жобалық компаниялар мен тапсырыс берушілерге жергілікті тауар өндірушілер туралы ақпарат береді және т.б. Нысандарды тексеру көрсетіп отырғандай, нысандарға тапсырыс беретін мемлекеттік органдар отандық өндіріс тауарларын ғана сатып алуға қолдануға әрдайым мүдделі емес.

Бюджеттік қаражат есебінен салынып жатқан 37 құрылыс нысанында (мектептер, балабақшалар, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар және т.б.) мердігерлердің жергілікті материалдар бола тұра, олардың шетелдік баламаларын сатып алып, орнатып жатқандығына қатысты деректер анықталды. Мұндай дерек 37 нысанның 10-нан байқалды.

7 нысанда Ресейде шығарылған болат пен арматура, 5 нысанда ресейлік қыш тақтайшалар, 3 нысанда Өзбекстан мен Түркияда шығарылған терезе жақтаулары, Ресейде шығарылған есіктер пайдаланылған. Алайда бұлардың барлығының жергілікті баламалары бар. Кәсіпкерлер өздері шығаратын өнімнің, энергия тасымалдаушылар бағасының қымбаттығынан көбінесе Қырғызстанның, Өзбекстан мен Қытайдың тауар өндірушілерімен бәсекелесе алмайтындықтарын мойындады. Мемлекеттік мердігерлікті алған кез келген компанияның құрылыс материалдарын таңдау барысында ең алдымен олардың бағасына қарайтындығы жасырын емес.

Комиссия қызметі шеңберінде бірқатар өндірушілерге қолдау танытылды. Атап өтсек, «Зерде Керамика» ЖШС бюджеттік нысандарды салу барысында 8000 шаршы метр қыш тақтайша сатты, ал «ММС Триумф» ЖШС 4 жаңа мектепті терезе жақтауларымен қамтамасыз етті. Бюджет қаражатына салынып жатқан барлық дерлік мектептерде отандық «Арт сапалы құрылыс» ЖШС шығарып жатқан жылу қазандықтары қолданылуда.

Квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларға тоқталар болсақ, қазіргі таңда олардың шетелдік тауарларды сатып алғандығы туралы деректер жоқ. Тек қана холдинг тауар өндірушілерінің тізілімінде тұрған тауар өндірушілердің негізсіз бас тарту деректері және тендерлік комиссиялар мен сатып алуларды ұйымдастырушылардың рәсімдерді өткізу барысындағы ережелерді сақтамау деректері тіркелген.

Жалпы алғанда, осы жылдың басынан бері Палата сарапшылары 254 отандық тауар өндірушінің мекенжайына сатып алулар өткізілетіндігі туралы 400 хабарлама жіберген (электронды және СМС хабарлама түрінде). Сатып алуларға қатысу үшін 250 кәсіпкерге қолдау көрсетілген. Оларға 309 қызмет түрі жасалған. 30-дан астам кәсіпкерге конкурстық құжаттама дайындауға жәрдем берілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер