«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заң әлсіз болса, оны өзгерту қажет

2016 жылғы 09 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
10127 просмотров

Заңнаманың олқы соғуы кәсіпкерлік қызметтің толыққанды қызмет етуіне тосқауыл болмауы тиіс

БҚО Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің алтыншы отырысы өтті. Бұл жолы күнтәртібінде келесі мәселелер қаралды: 2015 жыл мен 2016 жылдың бірінші жартысындағы  мемлекеттік сатып алуларға қатысты дауларды шешудегі кәсіпкерлік проблемалары, 2015 жыл мен биылғы жылдың өткен кезеңіндегі кәсіпкерлер құқығына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу және оларды жасаудағы мемлекеттік органдар жұмысы, жүктерді тасымалдау кезінде рұқсат етілген салмақ параметрлерін арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған бизнес субъектілері туралы деректер.

Отырысты ашу барысында Кеңес төрағасы Қайдар Қапанов Кеңестің жаңа мүшелері: облыс прокурорының орынбасары Тәжеден Найманов, БҚО Мемлекеттік қызмет істер департаменті жетекшісінің орынбасары Жақсат Мұратов және БҚО бойынша Нотариалды палата төрайымы Наиля Елегеновамен таныстырды. Ол Кеңестің жаңартылған құрамы бүгіннің өзінде, бейресми, мүдделі түрде мәселелерді қарап, Кеңестің аймақ кәсіпкерлеріне қатысты мәселелерге жете сараптама жүргізу тапсырмаларының орындалуына себепкер болып келе жатқандығын атап өтті. Мысалы, өткен отырыста Кеңес мүшесі Нұрлыбек Юсубәлиевке кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуларды жүргізуіне қатысты соттағы даулы мәселелерін шешу жұмыстарына сараптама жүргізу тапсырылған-ды.  Тәжірибелі адвокат Нұрлыбек Юсубалиев өз тәжірибесінде осы сынды мәселелердің көптеп кездесетінін айтып, Кеңеске жүргізілген сараптама нәтижелерін жеткізді. Сонымен қатар, бірнеше мысалдарды алға тартты. Оның баяндамасына сүйенсек, өңірдегі сот талқылауындағы істердің барлығында дерлік тауарды жеткізушілер жауапсыз болып танылған. Олардың кейбірі мерзімінен кеш қалса, енді бірі, сертификаттарын уақытында ұсынбаған. Нәтижесінде, аймақтың мемлекеттік сатып алуларына өзге өңірлердің өкілдері жиі қатысатыны белгілі болған. 

Нұрлыбек Юсубалиевтің сараптамасын тыңдағаннан кейін, Кеңес оған сараптаманы одан әрі жүргізу туралы ұсыныс айтты. Себебі, осы арқылы «Мемлекеттік сатып алулар» туралы Заңға өзгертулер мен толықтыруларды нақты дәлелдермен әрі себептермен енгізу  көзделген.

Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов: «Біз Кеңес отырысында маңызды мәселелерді шешу үшін бас қосамыз, олардың барлығы аймақтың экономикалық дамуына да қатысты, сондықтан, қарастырылатын мәселелердің бәрі – өзекті әрі жүйелі. Қазір жүкті тасымалдау, автотұрақтар, әсіресе, көмірсутектерді тасымалдау ерекше бақылауға алынған. Сондықтан, жүкті тасымалдауда шекті салмақ параметрлерін арттыруға қатысты бизнес субъектілерінің әкімшілік жауапкершілікке тартылу мәселесі бізге белгілі және мәселені шешу үшін, біз оны түбегейлі зерттеп жатырмыз», – деді.

«Ал жергілікті мердігерлердің жауапсыз деп танылуына келер болсақ, бұл мәселені тез арада қолға алу керек. Егер тек 2015 жылы сотта мердігерлердің жауапсыз деп таныған 1 154 ісі қаралса, 2016 жылдың басынан бастап – 411 іс қаралыпты. Яғни, сотта тек осы істер қаралады деген ой тууы мүмкін. Егер мәселе заңнаманы жетілдіруге келіп тірелсе, онда оған тез арада сәйкесінше өзгертулерді енгізу керек»,– деп атап өтті И.Стексов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер