«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысы фермерлерінің назарына!

2016 жылғы 09 Тамыз
- Жетісу облысы
6845 просмотров

10-12 тамызда Талғар ауданындағы «Байсерке-Агро» ЖШС базасында жем-шөп дақылдарын өсірумен айналысатын кәсіпкерлерге арналған семинар өтеді

Іс-шараны «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы ұйымдастырады, қатысу тегін.

Сербияның Дала және көкөніс дақылдары институтының ғалымы Джура Каражик, сондай-ақ белгілі қазақстандық ғалымдар – Б.Садық пен Ғ.Мейірман Алматы облысының фермерлеріне далалық жем-шөп өндірісі туралы, оның ішінде қыстық жем-шөп дайындаудың өндірістік негізі және ауыспалы егіс жүйесі кезінде топырақтың құрамын жақсарту туралы әңгімелейді.

Барлық сұрақтар бойынша  + 7 (72730) 7 48 97, +7 771 554 89 17, +7 701 476 80 89 нөмірлеріне хабарласыңыздар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер