«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәтті шығаратын жердің тұсауы кесілді

2016 жылғы 08 Тамыз
- Павлодар облысы
10905 просмотров

Жақында Ертіс өңірі тұрғындары үшін достарымен немесе отбасымен бірге уақытты тамаша өткізуге мүмкіндік беретін жайлы кондитерлік орталық ашылды, онда тәтті десерттер қолжетімді бағаға ұсынылады

Жанар Смаилова бизнеспен бірінші жыл айналысып жатқан жоқ. Оның негізгі бизнесі перделер мен маталар сататын дүкені бар тігін салоны болатын. Алайда бизнесвумен ауыл тұрғындары үшін өзінің жеке кондитерлік орталығын ашуды армандайтын. Тәтті өнімдер шығару туралы идея сонау 90-жылдардың аяғында туған, содан бері жас кондитер мемлекеттік стандарттар бойынша ұмыт болған рецептілерді қалпына келтірумен айналысты.

Бизнес-идеяны жүзеге асыруға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы демеу болды.

Бизнесвуменнің айтуынша, ол Кәсіпкерлер палатасының филиалына келіп, бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың тетіктері туралы білген. «Палата сарапшылары қажетті құжаттарды жинап, жер телімін рәсімдеуге көмектесті. Бастапқы кезеңдегі қолдау алға ұмтылуға ынталандырады, менің жалғыз еместігімді сездіреді. Кондитерлік орталықты ашқан соң барлығының мүмкін екеніне көзім жетті», – дейді Жанар Смаилова.

Айта кетерлігі, ішкі көрінісі жайлы, жеке залы, жұмсақ жиһазы мен дайын өнімді сатуға арналған салқындатылған сөрелері бар кондитерлік орталықтың ашылуы аудан тұрғындары үшін жағымды жаңалық болды. Алғашқы сатып алушыларды талғампаздардың өзін қанағаттандыратын таңдаудың сан алуандығы таң қалдырды. Сөрелерге ірімшіктен, шоколодтан, карамельден, йогурттан жасалған торттар мен тәтті нандар қойылған. Салмасы да сан түрлі: кептірілген өрік, жаңғақ, қара өрік, жемістер. Кішкентай тәтті құмарлар үшін балаларға арналған торттар шығарылады. Өнімдердің бағасы да қол жетімділігімен ауыл тұрғындарын қуантуда.

Кәсіпкердің пікірінше, табыстың кілті – өндіріс технологиясын тиянақты сақтау мен сапасы жоғары шикізатты қолдану. Кәсіпорын сапалы өнім шығаруды мақсат тұтады. Көп ұзамай өндіріс қуатын арттырып, ассортиментті көбейту жоспарлануда, ол қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда кондитерлік өнімдер шығаруға төрт адам жұмылдырылған.

«Менің кондитерлік өнімдер шығаруда тәжірибем болған жоқ, алайда табандылықпен ұмтылған мақсатым болды. Өз бизнесіңді ашқан кезде ешқандай кедергілер мен қиындықтарға қарамастан, алға жылжуың керек. Білім мен тәжірибең болмаса, Кәсіпкерлер палатасына көмектесулерін сұрап баруға болады. Ал жеке ісіңе құлшына кірісу табысты кәсіпкерлік қызметтің негізіне айналады. Мемлекеттік қолдауға иек арта отырып, мен сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндік алдым. Жас кәсіпкерлерге бизнесті тақыр жерден бастаудан қорықпаңдар дегім келеді», – деді кондитерлік орталықтың басшысы Жанар Смаилова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер