«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлікке ұлттық нақыш береді

2016 жылғы 05 Тамыз
- Қызылорда облысы
11602 просмотров

Қызылорда кәсіпкерлері ұлттық қолөнер саласының дамуына үлес қосуда

Бүгін өңірлік кәсіпкерлер жиынында кәсібін жаңа бастаған Кенжегүл Жалмағанбетованың идеясы талқыланды.

Нақтырақ айтсақ, Қазалы ауданының мүмкіндігі шектеулі тұрғыны Кенжегүл Жалмағанбетова үйінде отырып, қой және түйе жүнінен кестелеп ою салынған көрпе тігеді, бесік заттары және қыз жасауын дайындаумен айналысады. «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Даму» грантын ұтып алған ол тігін машинасы мен үтік сатып алған. Дайын төсек-орын жабдықтары мен бұйымдарды Кенжегүл аудан орталығында орналасқан «Ер-Нұр» сауда базарында сатады. Іскер әйелдер кеңесінің кезектен тыс конференциясы аясында ұйымдастырылған «Қолөнер – тылсым өнер» көрме бұйымдары байқауында өнімдерін келушілер назарына ұсынған.

Осылайша, қазалылық К.Жалмағанбетова өз бизнесін аяққа тұрғызу үшін облыстық Кәсіпкерлер палатасына жүгінген.  Нәтижесінде, Палата алаңында өңірлік бизнес өкілдері бастаманы қолдауға келісімдерін берді.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дархан Мырзалиев: «Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде өңірлік кәсіпкерлік қауым өкілдері Кенжегүл Жалмағанбетованың ұсынысын қарап, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында бизнесті дамытуға көмек көрсету жөнінде шешім қабылдады. Біз бұл қадамның кәсіпкерліктің тағы бір түрін дамытуға ықпалын тигізеді деп сенеміз», - деді.

Жалпы  алғанда, жыл басынан бері Кәсіпкерлік палатасы 679 кәсіпкерге қолдау ретінде 1213 қызмет көрсеткен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер