«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оңтүстікте мақта өсірушілерге нарық кеңеюде

2016 жылғы 02 Тамыз
- Шымкент қаласы
17165 просмотров

Ресейдің ірі тоқыма компанияларының бірі Оңтүстік Қазақстанның мақта өңдеу зауыттарымен тікелей жұмыс істеуге дайын

Кәсіпкерлер палатасында атақты ресейлік «Шуйские ситцы» тоқыма кәсіпорнының делегациясы оңтүстікқазақстандық мақта өңдеуші зауыттар басшыларымен кездесті. Ресейліктердің ОҚО-ға келудегі мақсаты – мақтаны өңірден тікелей жеткізуді жолға қою. Бүгінгі таңға дейін кәсіпорын трейдерлік компаниялар арқылы жұмыс істеп келген. Олар Ресейде қазақстандық мақтаның 80 пайызын сатып алады екен. Делдалдар арқылы жеткізу ресейлік тоқыма бұйымдардың өзіндік құнына кері әсер етіп, өнім бағасының қымбаттауына әкеп соқтырады.

«Шуйские ситцы» ММК ААҚ бас директоры Анна Богаделина атап өткендей, Ресейде қазақстандық мақта танымалдылыққа ие әрі бағасы жағынан да, сапасы жағынан да көңіл толарлық деңгейде. Комбинат жақын арада өндірісті кеңейтуге ниеттеніп отыр, сондықтан шикізат та молынан қажет. Осыған байланысты мақтаны тікелей алу қажеттілігі туындаған.

Қонақтар «Қазақстан мақтасы, «Яссы», «Ханшуар», «Минлегпром», «Роудтекст» сияқты бес ірі мақта өңдеуші компаниямен В2В-кездесуін өткізіп, әріптестік қарым-қатынастың келешегін талқылады. Сондай-ақ олар аталған зауыттар мен компаниялардың мақта алқаптарын аралап көрді. Ресейліктер, әсіресе, «Минлегпром» мақта өңдеу зауытының өнімдеріне қызығушылық танытты. Олар ОҚО-да мақта талшықтарын өңдеуге инвестиция салу мәселелерін де қарастырды.

Сапар соңында нақты, сенімді ауызша келісімдер жасалды. Енді ресейліктер оңтүстікқазақстандық мақта өсірушілерден баға жағынан ұсыныстар күтеді.

Анықтама: «Шуйские ситцы» ММК» ААҚ – бай тарихы мен дәстүрі бар атақты ресейлік тоқыма кәсіпорны. Иванов облысының ірі тоқыма комбинатының заманауи өндірістік цехтары, Ресейден, Германиядан, Голландиядан, Жапониядан алынған технологиялық құрал-жабдықтары мен мақта-матаның, тігін бұйымдарының саналуан түрлері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер