«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Он сегізде де бизнес бастауға болады!

2016 жылғы 01 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
12332 просмотров

Кішкенекөл ауылындағы Ришат Кәкімжан мұны өз ісімен дәлелдеді 

Ол осы жылдың көктемінде Уәлиханов ауданы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына қаз-үйрек сияқты үй құстарын өсіргісі келетінін айтып, өтініш білдірді. Ришаттың есебіне қарағанда, оған мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, бизнес ашу үшін 2 млн теңге сома қажет болған.

Шаруашылық жүргізу үшін тиісті жағдайлар жасалды: суат, құстар  жайылатын жер, ең бастысы, өз ісін бастауға деген құлшыныс пайда болды. Бұл жігіттің кепіл ретінде салатын жылжымайтын мүлкі де бар екен. Ришат КҚО менеджерлерімен бірге бизнес-жоспар әзірлеуге кірісті. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқыды, «Кәкімжан» ЖК мемлекеттік кірістер аудандық басқармасында тіркелді. Сол кезде қарыз алу үшін СҚО бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына құжат тапсырды. Құжаттарды қарау едәуір уақыт алды, ақыр соңында Ришат Кәкімжан 2 млн теңге несие алды. Жоспарын іске асырып, қаз, үйрек, тауық, және оларды ұстайтын қора-қопсы, жем сатып алды. Ендігі жоспар – ет, мамық жүн, қауырсын   сату. Ришат бір қаздан 4,5 кг ет алмақшы, одан 3000-4 500 теңге пайда түседі, жарты келідей мамық сатылады, өйткені әр қаздан осындай 40 қауырсын алуға болады. Сонымен қатар тігін шеберханаларына мамық жеткізу жайлы келіскен. Бір сөзбен айтсақ, жаңадан кәсіп бастаған бизнесмен тың күш-жігермен шаруасын дөңгелетіп жатыр.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер