«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер мектебі

2016 жылғы 29 Шілде
- Жетісу облысы
7595 просмотров

Алакөлде іскер әйелдерге арналған үш күндік мектеп ашылды

Жыл сайын өтетін шараны Алматы облысы Іскер әйелдер қауымдастығы Алакөл ауданы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Жетісу іскер әйелдер кеңесі аталған шараға екінші мәрте қатысып отыр. Атап өтерлігі, облыстық қауымдастық пен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі жақсы құралған тандем. ӨКП Іскер әйелдер кеңесі құрылған бірінші күннен бастам ІӘҚ тарапынан белсенді қолдау көрді. Өзара ықпалдастық жолға қойылған. Басқаша болуы мүмкін де емес, өйткені ұйымдардың мақсаттары бір – әйелдерді қолдау. Бірлесіп жұмыс істеу шеңберінде әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыруға бағытталған дөңгелек үстелдер, форумдар мен шеберлік-сыныптары ұйымдастырылуда.

Іскерлік қатынастар құрудағы негізгі рөл қауымдастық басшысы әрі Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесін басқарушы Римма Салықоваға тиесілі. Бизнесвуменнің кәсіби машықтары мен басқарудағы мол тәжірибесі белсенді қоғамдық ұйым мен тиімді бақылау органын құруға көмектесті.

Әйелдер жазғы мектебі өткен жылы ашылған еді. Жыл сайын өтетін облыс әкімі жанынан құрылған Әйелдер ісі мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысының жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына қосылатын әйелдер кәсіпкерлігі үлесін күшейту.

Шара аясында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жөніндегі мәселелер мен ұсыныстар қаралып, ұйымдар мүшелерінің жұмыстарын бағалау анықталады. Мектепке қатысушылар – Алматы облысы Іскер әйелдер қауымдастығының, облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшелері мен мемлекеттік құрылымдар басшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкер әйелдер. Оқу үш күнге созылады.

Шараның ашылуында сөз алған қауымдастық төрайымы Римма Салықова әйелдер үшін өткізіліп жатқан түрлі шаралардың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің барлық бастамаларымыздың басты мақсаты – әлеуметтік және өмірлік бағыттағы әйелдерге көмектесу, жас және бизнесін жолға қойып үлгерген кәсіпкер әйелдерді ынталандыру және көмектесу. Әсіресе ауылды жерлердегі әйелдерді қолдау қажет, өйткені жекелеген ауылдар мен кенттерде дамуға мүмкіндік жоқ», – деді Р. Салықова.

Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесінің хатшысы, адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында кәсіпкер әйелдердің аудандық (қалалық) кәсіпкерлер кеңестерінің құрамына енгізілетіндігін айтты.

«Қазір барлық аудандарда Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің ережелерін түсіндіру жөнінде кездесулер өткізілуде. Органның құрамына аудан мен ауылдардағы беделді кәсіпкер әйелдер кіреді. Жаңа орган түйіткілді мәселелер бойынша ұсыныстарды талқылап, енгізуге арналған сұхбаттастық алаңына айналады. Әйелдердің Кеңес жұмысына қатысуы әйелдер кәсіпкерлігінің өзекті мәселелерін шешуге арналған тиімді құрал болмақ», – деді А.Оңғарбаева.

Бұдан бөлек, қатысушыларға шағын және орта бизнесті қолдау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. «Қазақстан Шинхен банкі» АҚ басқарушы директоры Виталий Ким республиканың микро, шағын және орта кәсіпорындарын қолдауға арналған несиелік келісім аясында әйелдер бизнесін несиелендіруге 5 млн доллар бөлінгендігін айтты.

Жазғы мектеп аясында «Қазақстанның қанаттанған әйелдері» кітабының таныстырылымы өтті. «Мейірім» емханасының директоры өзінің табысқа жету жолын баяндап, жеке шеберлік сыныбын өткізді.

Сондай-ақ тыңдаушыларға «Әйелдер және дін» және «Көшбасшының сұхбаттасу мәдениеті» тақырыптарында семинарлар өтті.

Шараның соңғы күнінде зайырлы қоғамның әдебі жөнінде шеберлік сыныбы өткізіліп, қатысушылар арасында сауалнама жүргізіледі деп жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер