«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Made in Kyzylorda» киімдерін сатып алайық!

2016 жылғы 29 Шілде
- Қызылорда облысы
17723 просмотров

Қызылордада кез-келген жастағы ерлерге арналған сәнді киімдер тігіледі  

Кәсіпкерлер палатасы директоры Ғалымбек Жақсылықов «Димаш» тігін фабрикасының ерлерге арнап киім тігетін желісімен танысты.

«Димаш» фирмалық дүкенінің өнімдері қызылордалықтар арасында кең танымал. Ерлерге арналған заманауи, сәнді киімнің бәрі бар. Бұрын дүкен иесі Ділмұрат Абызов киімді шетелден таситын. Қазір өзі тігін фабрикасын ашып, киім тігуді қолға алды. Жобасын жүзеге асыру үшін Түркиядан арнайы мамандарды шақыртты. Бүгінгі таңда кәсіпкер 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың дені жастар болғаны қуантады. Кәсіпкерлер палатасы бизнеске мейлінше қолдау білдіріп отырады», – деді Ғ.Жақсылықов.

«Біздің жейделер бір түсті маталардан тігіледі. Кейде өрнегі бар матадан да тігеміз. Шеберлеріміз небір талғампаз тұтынушылардың таңдауын тігіп беріп жатады. Әр түрлі пішіндегі жейделер бар. Уақыт өткен сайын топтамамыз жаңа үлгілермен толығып жатыр. Соған байланысты біздің жейделерді сататын кәсіпкерлер өз клиенттерін жаңа сәнді жейделермен қуанта алады. Біздің клиенттерге серіктестіктің бірнеше түрін ұсынамыз. Алғашқылары қоймадан біздің маркамыз басылған дайын өнімді сатып алады. Немесе өз маркасымен жейде тігіп бер деп тапсырыс береді. Біздің компанияның тағы бір артықшылығы – біздің жейделердің бағасы түрік жейделеріне қарағанда арзан. Ал, сапасы кем түспейді», – дейді кәсіпкер Д.Абызов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер