«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық фермерлерге арналған интернет-ресурс іске қосылады

2016 жылғы 28 Шілде
7353 просмотров

«Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы фермерлерге арналған ақпараттарға толы бірегей жоба – www.fermers.kz интернет порталын іске қоспақ

Осылайша, «Атамекен» Агробіліктілік орталығы кәсіпкерлерге күніне 24 сағат, аптасына 7 күн қызмет етпек.

«Біздің мақсатымыз – тек қана жыл соңына дейін 10 мың фермерді оқыту ғана емес, түрлі семинарлар шеңберінде тың шешімдер қабылдауға, инновациялық технологияларды қолдану тиімділігін өз кәсіптеріне дұрыс пайдалануға жол сілтеу. Сондықтан, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге күн сайын 24 сағат, аптасына 7 күн кеңес беру мақсатында біз қазір www.fermers.kz интернет-порталын дайындап жатырмыз. Интернет-портал фермерлерге арналған түрлі қызметтерді ұсынатын болады. Соның ішінде фермерлерге арналған оқу бағдарламалары онлайн тәртіпте қолжетімді болады», – деп хабарлады «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығының директоры Төлеутай Рахымбеков.

Ол семинардың сәтті өтуі пайдалы, мазмұнды оқу бағдарламасы мен дайындығы мықты, тыңдаушыларын қызықтыра алатын дәріскерге байланысты екенін атап өтті.

Сол себепті 2016 жылдың 29-31 шілдесі аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген оқу бағдарламасы бойынша Орталықта дәріскерлерді дайындау мақсатында семинар-кеңес өтеді. Осы аралықта www.fermers.kz. интернет-порталының тұсаукесері өтіп, жан-жақты таныстырылатын болады.

«Біз семинардың оқу бағдарламасындағы нұсқаулары мен үлгілерін сарапшылар арасында таратып, айқындап алған болатынбыз. Оқу бағдарламасын шартты түрде үш бөлімге бөлдік: кәсіпкерлер үшін технологиялар мен инновациялық шешімдер, ұсынылған технологияны іске асырудың экономикалық тиімділігі (есеп жүргізу, табыс), ҰКП  бағыттары бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер кооперативтерін құру перспективалары, оның ішінде мемлекеттік қолдау тетіктері», – деді Төлеутай Рахымбеков.

Бұған дейін «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы фермерлерді дайындауға арналған семинарларға ортақ оқу бағдарламасын құру үшін Қазақстаннан 25, шетелден 25 сарапшыны тартқан болатын. Семинар мен оқу бағдарламаларының тақырыптары агрокәсіпкерлердің қызығушылығына, «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығына сәйкестендіріліп алынды. Сарапшылар барлығы 97 оқу бағадарламасын жасап шықты. Оның ішінде 50-і мал шаруашылығына, 47-і өсімдік шаруашылығына арналады. Семинарға шетелдік сарапшылар да қатысады. Олар өз елдеріндегі ауыл шаруашылығы саласының қызмет көрсету жүйесін кеңейту туралы айтып, агрокәсіпкерлерді даярлау бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі.

Шара барысында «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығында осы жылдың шілде айында өткен семинарлар туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, семинар сапасына әсер ететін ұйымдық және техникалық мәселелер бойынша мәселелер талқыланады.

Агробіліктілік орталығы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезекті съезінде АӨК субъектілері арасында пайдалы білім тарату бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын тиімді жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 16 маусымында құрылған.

Қосымша ақпараттар бойынша байланыс: Рауан Ерұлан 8 701 954 10 41, +7 7172 54 32 78, e-mail: info@fermers.kz,yrauan777@gmail.com 


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер