«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

2016 жылғы 28 Шілде
- Жетісу облысы
6837 просмотров

Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында аудандық кәсіпкерлер кеңесінің ережелері таныстырылды

Бизнес-қоғамдастыққа Кәсіпкерлер кеңесінің қызметтік міндеттері мен мақсаты түсіндіріп берілді.

Іле ауданының өз Кәсіпкерлер кеңесі 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орган Іле аудандық шағын бизнес кәсіпкерлері қауымдастығының бастамасы бойынша құрылған. Қоғамдық ұйымға Өңірлік кеңес мүшесі Жанна Телпекбаева басшылық етеді. Оның айтуынша, жаңа пікірлесу алаңы бизнес проблемаларын бірлесе шешуге мүмкіндік бермек.

«Іле ауданы – Алматы облысының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі. Сондықтан бізге кәсіпкерлер мәселелері, пікірлері мен ұсыныстары талқыланатын жаңа алаңдар қажет. Кәсіпкерлер палатасының мүмкіндіктерін есепке ала отырып, Кеңес мүшелері проблемалық мәселелерді шешу үшін барлық тетіктерді пайдалануы керек», – деді Ж.Телпекбаева.

Кәсіпкерлік бөлімі келтірген деректер бойынша, ШОБ-тан түскен салықтық түсімдер 4,9 млрд болған, өнеркәсіп көлемі – 56 млрд теңге.  Жартыжылдықта тартылған инвестициялар көлемі 18 млрд теңгені құраған, 8 өнеркәсіптік нысан құрылған.

Талғар ауданында жағдай басқаша. Жыл басынан бері 15 жаңа кәсіпкерлік субъектісі құрылып, олар 158 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз еткен. Тартылған инвестициялар көлемі – 22 млрд теңге.

Есеп беру кезінде филиал директоры Ләззат Күмісбаева айтқандай, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөнінде келіп түскен 16 шағымның 11-і оң шешімін тапқан.

«Биылғы жылдың қаңтар айынан бері бизнесті сервистік қолдау бойынша 688 кеңес берілді. «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 30 кәсіпкер тегін оқу оқыды. Сонымен бірге, «Іскерлік байланыстар», «ШОБ топ-менеджментіне оқыту», «Аға сеньорлар» бағдарламаларына 10-нан астам ұйым қатысты. АӨК саласында Палатаның күш салуымен 3 АӨК құрылды», – деп қосты жергілікті филиал басшысы.

Кездесуде кәсіпкерлер микронесиелеу бағдарламасы бойынша көрсетілген қаржылық көмек үшін алғыстарын білдірді. Шаруа қожалығының төрағасы Ерболат Досанов аз уақыттың ішінде несиеге қол жеткізгені туралы айтып берді. Сонымен бірге, бағдарлама шеңберінде «Нұрақынов» шаруа қожалығына тамшылап суару үшін 6 млн теңге берілген.

«Clotwell» ЖШС ұжымы да алғыстарын білдірді. Компания басшысы Валерия Кулешова ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаеваға жоғары кәсібилігі мен біліктілігі үшін алғыс хат табыстады.

Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлерін өнімді өткізу және сату мәселелері алаңдатады екен. Олардың айтуынша, проблема жылына бір рет туындайды, ал жергілікті билік болса оны шешуге қауқарлы емес. Аграрилер Алматыда көкөніс қоймасы мен логистикалық орталық салу ең оңтайлы шешім болатынына сенімді, себебі қазіргі күні олар өнімді  сауда желілерінің талаптарына сай  етіп тікелей жеткізуге дайын емес. 

Еске салсақ, ауданда 20 мың төңірегінде кәсіпкерлік субъектісі бар.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы басшылығының жұмыс сапары барысында 14 ауданда Аудандық (қалалық) кәсіпкерлер кеңесінің ережелерінің таныстырылымы мен түсіндірмесі өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер