«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруалардың ғылыми ізденісі

2016 жылғы 28 Шілде
- Ақмола облысы
6446 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Агробіліктілік орталығы ұйымдастырған семинарлар Ақмола облысында өз жалғасын табуда

Осындай шараның бірі Шортанды ауданына қарасты Бараев атындағы астық шаруа қожалығының ғылыми-өндірістік орталығында өтті. Бұл республикадағы ең ірі егін және өсімдік өсіру ғылыми орталығы. Ол 1956 жылы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу интитуты болып құрылған еді.

Семинардың тақырыбы – «Ақмола облысындағы егістіктердегі астықты әртараптандыру мен олардың өнімділігін арттыру тәсілдерін көбейту». Жиналған егіншілерді бұл тақырыппен нақты егіншілік зертханасының меңгерушісі Владимир Скобликов таныстырды. Әңгіме негізінен өңірдің ауа-райы өзгешелігіне сай қандай бидайдың сұрыптарын егу пайдалы екендігі туралы болды. Семинардың тыңдаушылары негізінен әртүрлі өңірлердің өкілдері еді. Олар әр өңірдің өзгешелігі туралы мол ақпарат алды. Тыңдаушылардың дені егін егуді бастамаса да, дегенмен олар қызыққан талай жаңалық айтылды.

«Көп нәрседен хабардар болдық. Бәріміз әр жақтан келген екенбіз. Өз жерімізде ауа райы басқаша. Егіске қандай дәрі себуге болатынын білдік. Ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру туралы қаншама пайдалы ақпаратқа қанықтық», – дейді шаруа қожалығының басшысы Жомарт Бигорстанов.

Теорияны айтып болған соң, семинарға қатысушылар тәжірибеге көшті. Тәжірибе сабақтары «Новокубанское» серіктестігінің егін алқаптарында өтті. Бұл шаруашылық тек егін егу, өсімдік өсірумен айналысып қоймай, мал да бағады. Тыңдаушылар мал азығы ретіндегі судан шөптерімен танысты. Тәжірибе сабағын серіктестіктің бас агрономы Надежда Носачева жүргізді. Ол егін алқаптарында қолданылып жатқан жаңа технологиялар туралы айтып берді.

Бидай алқаптарына да саяхат жасалды. Биылдыққа бидай бітік шығыпты. Осы жерде әртараптандыру туралы толық айтылды. «Новокубанское» серіктестігі негізінен жасымық өсіруге ден қояды екен. Бұл дақыл көршілес Ресейде зор сұранысқа ие. Серіктестік тек қана бидай егіп отыра бергісі келмейді. Кейбір жылдарда нанның бағасы түсіп кетеді. Пайда жоқ. Ал, жасымық дәл сондай шығынды талап еткенмен, сұранысы жоғары дақыл.

Семинар біткен соң, оның тыңдаушыларына сертификат берілді. Фермерлердің пікірінше, оқыту курстардың пайдасы көп. Ғылым диқандарға көмекке келсе, құба-құп. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер