«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тыңайтқыш аз, табиғи өнім көп

2016 жылғы 25 Шілде
- Қарағанды облысы
13937 просмотров

Тыңайтқыштардың жетіспеушілігі Қарағанды облысының шаруақор ағайыны үшін оң сипатқа айналды

Əлемде экологиялық таза өнімге деген сұраныстың артуы қазақстандық аграрийлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді. Бұл туралы А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО зертханасының меңгерушісі Владимир Скобликов Осакаров ауданында өткен агроөнеркəсіптік кешен субъектілерін оқыту аясындағы семинар барысында айтты.

«Егер біз бұған дейін пестицидтер тапшылығын тартып, арамшөптерден көз ашпайтын болдық деп тыңайтқыштардың аздығына шағым айтып келсек, қазір бұл біз үшін керісінше жақсы болды – пестицидтер аз, ал өнім аса сапалы. Батыста органикалық өнімдерге сұраныс жоғары. Органикалық өнім мен экологиялық таза өнімнің айырмашылығы қандай? Экологиялық таза өнімді дайын күйінде тексеріп, оның зиянсыздығы туралы қорытынды береді. Ал органикалық өнім сертификациялаумен ерекшеленеді. Бұл тұста өндіріс құралдарынан бастап техника, алқаптар, топырақтағы зиянды заттардың бар-жоғы, жинау, қоймаға апаруға дейін барлығы дерлік сертификатталып, сертификаттайтын ұйымның бақылауында болады. Осы процедуралардың есебінен бұл өнімдер 20-30%-ға қымбат болады», – деп түсіндірді сарапшы.

Сонымен бірге, республика сапалы əрі іргелі астық өндірісі бойынша əлемде айрықша орынға ие. Мұндай бидай басқа ешбір жерде өспейді. Оның құрамында 16-17%-ға дейін ақуыз жəне 45% балауыз бар. А.Скобликов қазақстандық астықтың жоғары сапалы өнім екенін айта келе, Жерорта теңізі биржасында бізде 5-санаттағы жемшөптік саналатын, ақуыздардың орташа мөлшері 12%-ға тең бидай сатылатынын жеткізді.

Мұндай ерекшеліктермен қоса, елде ауыл шаруашылығын жүргізуді қиындатып отырған бірқатар проблемалар да жоқ емес. Жеке алғанда, семинар далалық жер шаруашылығын əртараптандыру проблемасына арналды. Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік  орталығының мамандары тек Қарағанды облысында ғана емес, сонымен бірге ел бойынша да əртараптандыру аса əлсіз жүзеге асып отырғанына назар аударды.

Қазақстанның егістік алқаптарының 80%-на дəнді-дақылдар егіледі екен. Үлестің аздап төмендегеніне қарамастан фермерлер майлы жəне қоспажемді дақылдар секілді жаңа бағыттарды меңгеруге көшті. Сарапшылардың айтуынша, 2013 жылдан бастапдара дақылдар егуге болмайды, сантүрлілік қажет. Егер осыған дейін субсидиялардың көп бөлігі бидай өндірісіне бөлінсе, қазір олар майлы дақылдарға, көкөніс өнімдеріне, картоп өсіру мен жемшөп өсіруге үлестіріледі.

«Жер шаруашылығындағы əртараптандыру қажеттілігі жайдан жай туындаған жоқ, бұл стратегиялық маңызды қадам. Қызмет аясын кеңейту арқылы, яғни дəнді-дақылдардан басқа жемшөптік, майлы дақылдар мен көкөніс өсіру арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы артады,  ал ауыл шаруашылығы – бұл мемлекет негізі. Сондықтан бүгін біз үшін əртараптандыру мәселесі өзекті»,– деді В.Скобликов.

Дара дақылдарды өсіру арқылы аграрийлер тұрақсыз нарық тəуекелдеріне көбірек ұшырауы мүмкін.

«Мұның айқын мысалы ретінде 2011 жылғы жағдайды атауға болады. Ол кезде республика бойынша 22 млн тонна астық өндірілген. Бағалар күрт төмендеп,  өткізетін жер болмай, астықтың жартысы егістікте жиналмай қалған, астық қоймалары жетіспеді. Ең бастысы, дара дақылды өсіру жердің құнарсыздығына əкелуі мүмкін»,– дейді сарапшы.

Топырақтың табиғи түрде жаңаруы үшін дақылдардың алуантүрлілігін сақтау қажет. Бұл тұста техниканы да жаңарту керек. Ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша, 2015 жылы өңір фермерлер тракторлардың 2%-ын, астық жинау комбайндарын тіптен 1,8%-ын ғана жаңартқан.

«Айналмалы қаражат тапшылығы мен техниканың қымбатшылығы – бұл республикаға ортақ мәселе.  Елдегі техниканың 70%-на дерлігінің тозығы жеткен», – дейді сарапшы.

Қарағанды облысының сипаттамасын келтірген орталық мамандары өңірдің басты ерекшелігі ылғалмен қамтылуы жөнінен шектелгендігінде дейді. Облыс аумағындағы жауын-шашын мөлшері 150-200 мм, өте сирек жағдайда 400-450 мм-ге жетуі мүмкін, егіннің пісіп жетілуі негізінен күзгі-қысқы жауын-шашын есебінен жүзеге асады. Алайда, биылғы жаздағы ауа-райына байланысты фермерлер биыл ылғал тапшылығын тартпайды.

Еске салсақ, 19 шілдеден бастап Қарағанды облысында ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне арналған өсімдік жəне мал шаруашылығы жөнінен семинарлар басталған еді. 5 шаруа қожалығы базасында өңір агарийлеріне елдің үздік мамандары дәрістер оқып, тәжірибелік семинарлар өткізуде. Алғашқы үйрету семинарлары Абай жəне Осакаров аудандарында өткен.

Осакаров ауданындағы семинардан алған əсерімен «Ақтөре»ЖШС басшысы Жанат Ақтөреев бөлісті.

«Көпжылдық тəжірибемнің барына қарамастан, менің білмейтінім көп болып шықты. Себебі іс бастар алдында бізді ешкім ешнəрсеге үйретеді, неден бастаған жөн екенін айтпады, қандай дақылдарды өсірумен айналысқан абзал екенін де үйретіп, жөн сілтемеді. Көптеген пайдалы ақпарат алып,қажетті кеңестерге қанық болдым», – деді кəсіпкер.

Семинарлар  жаздың соңына дейін өтетін болады,  өту кестесі мен тақырыптары туралы мына сілтемеден білуге болады: http://karagandy.palata.kz/ru/pages/619


Еншілес ұйымдар

Серіктестер