«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Made in Zhambyl cүті

2016 жылғы 25 Шілде
- Жамбыл облысы
10884 просмотров

Облыстың сүт өндіруші компаниялары өнімдерін бір брендпен шығармақшы  

Мұндай келісімге «Отандық кәсіпорындардың стандарттарды қолдануы» атты дөңгелек үстелдің барысында қол жеткізілді. Дөңгелек үстел облыстағы сүт және сүт өнімдерін өндірушілердің басын қосып, отандық кәсіпкерлерге қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар «Қазақстандық стандарт пен сертификат институты» РМК Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы.  

Оған өңірдегі он ірі сүт өңдеу компаниясы және стандарт пен сертификат бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік органдар, компаниялар мен бақылаушы органдардың өкілдері қатысты.  

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғаудың басты тетігі, отандық өнімді танытудың басты тәсілі - нарықтағы стандартты ұғыну. Оның басты деңгейі – технологияға деген техникалық талаптың болуы, техникалық шешімдер қабылдағанда индустрияның бағытын айқындау.   

«Өндірушілер, фермерлер, бөлшек сауда мен жеткізушілер түрлі нарықтағы техникалық  шарттар мен талаптарды орындай беруден құтылса, тек қуанар еді. Стандарт өндірісті әлдеқайда бәсекеге қабілетті етеді. Жаһандық саудаға жол ашады. Олар жаңаша тәжірибені, инновацияны таратады. Сондықтан өндірісте жүріп велосипед ойлап табудың еш қажеті жоқ. Стандарт арқылы нарықтағы жаңа технологияларға қол жеткізуге болады», – дейді Қазақстандық стандарт пен сертификат институтының Жамбыл облыстық филиалының директоры Асқар Мыңбаев.  

Ол кәсіпкерлерге халықаралық стандартты қолдану мен шетелдегі мемлекеттік стандарттар туралы толық мәлімет берді. Мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы техникалық спецификаны ұлттық көрсеткіштер арқылы есептеу талаптарын ескеру, үкіметтік емес стандарттардың Бірегей тауар, қызмет көрсету мен жұмыс анықтамалығы номенклатурасында қолдануды айтып берді.   

«Қазақстандық стандарт пен сертификат институты» РМК Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, жуық арада 2017 жылға керекті тауарлар, атқаратын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізімін қарастырмақ. Соның ішінен сүт және сүт өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарды анықтамақ. Солардың стандартқа сай нормативті құжаттарын реттейді. Оның үстіне олар отандық өндірушілерді қорғау үшін үкіметтік емес стандартты жасау қажеттілігін анықтауы керек. Осы шараға қатысқан кәсіпкерлер облыстың Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе, қауымдастық құрудың жобасын қарастырады. Содан кейін барып облыстағы сүт және сүт өнімдеріне бірегей бренд қабылдайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер