«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл кооперативінен астық холдингіне дейін

2016 жылғы 22 Шілде
9091 просмотров

Ақмола облысы ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз мүдделері мен күшін біріктіре отырып, шығындарын барынша азайтып қана қоймай, кіріс көлемінің артуына да қол жеткізген

Маңызды келісімдер, валюталық түсім, банктерді қаржыландыру, жеткізілімдер көлемінің өсуі, маңызды іскерлік бедел. Бұлар «Өңірлік астық холдингі» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіндегілер үшін енді арман емес, бұдан былай олар коммерциялық дивидендерге шын мәнінде ие бола алады. Сәтті бірігудің құпиясымен бүгін ОКҚ-да өткен брифинг барысында АӨК бас директоры Ербол Тәшенов бөлісті. АӨК құру жөніндегі пилоттық жоба 2015 жылдың ақпанында Ақмола облысында таныстырылған еді. «КазАгро» ұлттық холдингі басшылығы өңірдегі астық өндірушілеріне кооперация және ортақ жауапкершілік қағидаларды негізге ала отырып бірігуді ұсынды.

«Артықшылықтары – несиелік қаражаттың қолжетімділігін арттыру, фермерлер мен екінші деңгейлі банктер үшін бағалық тәуекелдердің азаюы, көтерме бағамен сатып алулар есебінен тауарлық-материалды құндылықтарды арзандату, астықты ірі көлемде экспорттау және қайта өңдеушілермен тікелей байланыс орнату, астықтан түскен қосымша пайданы жеткізілген астық көлемінен тепе-тең болатындай үлестіру», – деп атап өтті Тәшенов.

Оның айтуынша, бірлестікке ену арқылы оның мүшелері өз бетінше басқару мен өзге қаржыландыру көздерінен қарыздарды алу құқықтарын сақтап қалады. Құрылған бастамашыл топ коопераив мүшелеріне арнап ішкі ережелерді жасап шығарды. Технопарктің, егістіктің, инфрақұрылымы, бес жылдан асатын жұмыс өтілі, бір адамға берген үш адамның мінездемесі, оң несиелік тарих болуы керек. «Яғни, компания беделі маңызды рөл атқарады», – деді Е.Тәшенов.

АӨК қатысушылары жылдық мөлшерлемесі 7,4% болатын, бидай өсіруге арналған бір гектер жер үшін 12000 теңге деп есептеліп берілген қаржыға ие болды.

«2015 жылы өңір экономикасына 1,5 млрд теңге тартылып, оны АӨК-тің 40 қатысушысы 125 мың га жерге пайдаланған. Ал 2016 жылы біз ауданы 250 га болатын жерге 3 миллиард теңге алдық, жалпы алғанда бізде 400 га егістік жер бар, 250 га таза бидай, астық өсіретін жерлер», – деп нақтылады холдингтің бас директоры.

АӨК құрудағы басты артықшылықтардың бірі банк-операторының сеніміне кіріп, соның арқасында ауылшаруашылық тауар өндірушілері «қаржыландыру көздерін іздеуге алаңдамай-ақ, тікелей өндіріске, технологияға бағдарлана алады».

«Бағдарламаның тек қаржыландыру көзі ғана еместігін түсіну қажет. Оның басты мақсаты – астық нарығындағы бейберекеттікті жою. Астық нарығындағы демпинг қазан-қараша айларындағы бір жолғы сатылым салдарынан жүзеге асады, себебі барлық тауар өндірушілері өз міндеттемелерін өтеп, несиелік міндеттемелерін жабу үшін бидайды бір уақытта сатады, бұл бағалардың төмендеуіне әкеледі», – деп қосты Тәшенов.

Бұл астыққа деген сұраныстың шектеулі болуы мен  сатушылар арасындағы бәсекелестіктің туындауынан болады.

«Біздің міндет – өзара бәсекелестікті жою, астық көлемін біріктіру, сонда біз сатылымды әр айға бөле отырып жоспарлап, келісімдер бойынша жүзеге асыра аламыз», – деп бөлісті Е.Тәшенов.

АӨК болашақта «КазАгро» алдында ғана міндетті болмақ. Сол кезде «астық кооперативтер арқылы сатылып, қатысушылар жеткізілген астық көлеміне тең қосымша кіріс әкелетін болады».

«Холдинг астықты Ресей арқылы жеткізуге арналған экспорттық келісім-шартқа отырды, кооператив астығы алғаш рет экспортқа шығарылып, валюталық түсім әкелді. Өңірлік астық холдингі кооператив ретінде сәтті жұмыс атқарып, өзінің барлық міндеттерін атқарып отыр деп сеніммен айтуға болады», – деді Ербол Тәшенов.

АӨК мақсаттарының қатарында машина-трактор тұрақтарын ашу, кооперативтік элеваторлар алу бар. АӨК басшысы кооператив өндірілген өнімнің толық қайта өңделуін жолға қоюы керек, сонда оның мүшелері бағалардың ауытқуларына тәуелді болмай, қосымша құнды дайын өнім арқылы ала алатынын айтты. Ербол Тәшенов ауыл шаруашылығының болашағын мықты кооперативтер жасайтынына және бизнеске де кең жол ашылатынына сенім білдірді.

ЖанарСердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер