«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шетелдік инвесторлар неге Қазақстанды таңдайды?

2016 жылғы 21 Шілде
14890 просмотров

Жеңілдіктер, тиімді жобалар, сәтті географиялық орналасу, бос нарық бағыттары, АӨК саласында шетел инвестициялар көлемінің артуына септігін тигізеді

Шетелдік инвесторлардің бірінші кезекте тағам өнеркәсібіне қызығушылығы жоғары. «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені бұл тұста инвесторлар үшін аса тартымды. Олар әлемде аумағы бойынша тоғызыншы орындар тұрған ел тұтас өңірдің инвестициялық бастауы екенін түсінеді», – деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарушы директоры Ерлан Мұратов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «инвестициялық мүмкіндіктер бойынша, ең алдымен импортты алмастыруға және көршілес нарықтарға күш салынып отыр». «Мысал үшін, тек қана Ресей жыл сайын 26 млрд долларға тең ауылшаруашылық, шикізат пен өңдеу өнімдерін импорттайды және бұл елмен бізде әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекарамыз бар, іс жүзінде нарық пен бізде бар барлық стандарттар өте бейімделген», – деп қосты «KAZNEX INVEST» өкілі.

«Инвесторларды тарта отырып, біз туындаған мүмкіндікті пайдалануға тырысып бағудамыз. ЕО пен Ресей арасында қазір санкциялар орын алғаны белгілі. 2014-2015 жылдарға дейін Ресей нарығына өнімін өткізіп келген ірі компаниялар қазір жаңа нарық іздеп жүр, олар әлімнің ірі нарықтарының біріне қайта шығу мүмкіндіктерін қарастыруда. Сондықтан біз оларға  ҚР мен РФ арасындағы өз жобаларын жүзеге асыра алатын барлық аумақтарды ұсынып отырмыз», – деді Мұратов.

Қазақстанда жылыжай қожалықтарын және көкөністер мен жемістер өсіруге зор мүмкіндік бар. Осы туралы сөз еткен Е.Мұратов инвесторларға «ҚР-да өз өнімдерінің тұқымдарын сертификацияға бейімдеудің ұзақ әрі көпжылдық процедураларынан айналып өтуге» мүмкіндік беретін норманың тиімді әсерін атап өтті. «Инвесторлар Қазақстанға келіп өз өндіріс орнын ұзақ процедураларсыз бастай алады, бұл тұста қажет болатын бір-ақ нәрсе бар – ол тұқымдардың шыққан жері мен мойындалуы туралы тиісті сертификат», – деп қосты «KAZNEX INVEST» басшысы.

Қазақстанда көкөністер өсіруден қысқа уақыт аралығында көл-көсір пайда табуға болады. Ерлан Мұратовтың айтуынша, «ҚР әлемдегі жалақы мен электр энергиясына және ЖЖМ-ға кететін шығындары аз елдер қатарында тұрғандықтан, инвесторлар үшін Қазақстан өзге елдермен салыстырғанда тиімді алаң болып отыр».

Сонымен бірге, шетел инвесторлары үшін Кеңес үкіметінен қалған өндірістік ғимараттардың кез-келген өңірде болуы тиімді. «Бұл дайын инфрақұрылымы бар ондаған, жүз мыңдаған өндірістік ғимараттар. Оған келіп, өндірісін аз шығын жұмсай отырып, аз уақыттың ішінде дөңгелетіп әкетуге болады. Инвесторлар мұндайды жақсы көреді және бұл қолда бар қор», – деді Мұратов. 

Бұдан басқа, құны 13 млн доллардан асатын тағам өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға жеңілдіктер қарастырылған. Ерлан Мұратовтың айтуынша, олар 10 жылға дейін КТС мен жер салығынан босату, сонымен бірге инвесторлар сегіз жалға дейін мүліктік салықтан да босатылады. Сонымен бірге, әкелінетін жабдықтар баж салығынан босатылады, ал шетелден жұмыс күшін әкелу жобаның барлық жүзеге асырылу кезеңінде және жүзеге асқаннан соң бір жылға дейін рұқсат етіледі.

«Бұл мәселеде Қазақстан үлгі бола алады, себебі, бастапқыда «Инвестициялар туралы» заңға енгізілген бұл ережелердің барлығы қазіргі кезде Кәсіпкерлік кодекстің 25-бөліміне енген. Өздеріңіз білетіндей, басқа заңдармен салыстырғанда бұл Кодекстің мәртебесі жоғары», – деп түйіндеді Ерлан Мұратов.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер