«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер құжатын тегін жасап береді

2016 жылғы 21 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7779 просмотров

«Егер жер теліміне және жерді пайдалану үшін ішкі шаруашылық жобаларына құжат рәсімдемейтін болсаңыз, онда жалдау келісімшарты бұзылады».

СҚО Мамлют ауданының әкімдігі бірнеше шаруа қожалықтарының иелеріне осындай ескерту жасады.

Шаруа қожалықтарымен бұрынырақта жасалған келісімшарттың кейбір жеке тарауларына қатысты хабарламаны «Жер қатынастары» мемлекеттік мекемесі жіберіпті. Бұл құжатқа сенсек, шаруалар қысқа мерзімде жер телімдері мен сол жерге салынатын жобаларға өз есебінен құжат жасатуы керек екен. Әйтпесе, ол келісімшартты бұзуға негіз болмақ. Бұл шаруалар мемлекеттен жалға алып отырған жерінен ғана айырылып қалу қаупі емес, ол жердегі бүкіл кәсібінен қағылуы мүмкін. Кәсіпкерлер бастарына төнген қауіп туралы Мамлют аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалына келіп айтты. Палата мамандары дереу кәсіпкерлер мен жер қатынастары мекемесінің өкілдерін, прокуратураны шақырып, кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты: хабарламада көрсетілген бұл талаптың заңға сәйкестігін анықтау.

«Мемлекеттік органдармен болған сындарлы сұхбаттың арқасында кәсіпкерлер мынаны анық түсінді: Жер кодексінің 97 бабына сәйкес, құжатты дайындау бюджет есебінен жасалады. Біз оларды текке ақша жоғалтудан сақтандырдық», – дейді Мамлют ауданы КПФ директоры Нина Василенко.

«Біздің 8 жер телімімізге құжат жасату 500 мың теңгеге шығар еді. Аз ақша емес. Бұл ақшаны үнемдеп, басқа салаға жұмсайтын боламыз», – деп қуанып отыр «Дельта Злак» ЖШС өкілі Лариса Егорова.

Мемлекеттік органдармен кездесуде агрофирмалардың басшылары өзге де тақырыптарды қозғады. Отандық тыңайтқыштардың сапасының нашарлығына шағымданды. Тыңайтқыш сатып алуға субсидия бөлінбейтіндігін алға тартты. Шөп шабу кезіндегі заңсыздықтарды айтты.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер