«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа аграрлық инвестициялар қоры құрылады

2016 жылғы 21 Шілде
8337 просмотров

«ҚазАгро» ұлттық холдингі АӨК-ке тікелей инвестия тартуды жандандырмақ

Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін Аграрлық инвестиция қорын құру жоспарлануда, компания басқарушысы  FPP Asset Management LLP  болып табылады. «Жаңа қор толығымен «ҚазАгро» есебінен құрылады», – деп хабарлады «ҚазАгро» холдингінің басқарушы қаржы директоры Бану Ерғалиева баспасөз мәслихатында. 

Б.Ерғалиеваның мәліметіне қарағанда, жобаның бастапқы  капитализациясы 50 млн АҚШ доллары, ақырғысы 300  АҚШ доллары болады деп жоспарланып отыр. «Бұл микс  қаржы, біз мемлекеттік қаржыны да, тартылған қаржыны да пайдалануды көздейміз», – деп атап өтті ол. «ҚазАгро»  жаңа қор құрылғаннан кейін екі-үш жыл өткен соң, басқа жақтан инвесторлар тартуды жоспарлауда. 

«Егер индикативті көрсеткіштер туралы айтар болсақ, қазіргі таңда «КазАгро» шамамен 20 жобаны қарайды», – деп қосты Б.Ерғалиева.  Сонымен бірге ол «20 жоба алғашқы жылы-ақ жүзеге асады деп айтуға болмайды»  деп қадап айтты. «ҚазАгроның» пилоттық жобасына айналған,  қазақстандық-венгерлік тікелей инвестиция қорының тәжірибесіне сүйенсек,  оның басқарушы компаниясы жарты жылда 100 жобаны қарап шықты,   олардың ішінде «үш жоба іріктеу сатысында тұр». 

Қордың  мақсаты – қазіргі уақытта ресурстар жетіспеушілігін бастан кешіп отырған АӨК (агро-өнеркәсіптік кешен) жұмыс істеп жатқан жобаларын дамыту, сондай-ақ жаңа, мысалға алсақ, мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, балық шаруашылығын, сүт өндірісін  қаржыландыру. Жобалар бастапқы өндірісті, қайта өңдеуді, логистиканы, сақтауды, өндіріс құралдарын жеткізуді, сауданы іске асырады.

Бану Ерғалиева «аграрлық саланың әлеуеті жайлы әңгімелегенде, тәуекелді тұстар барын да ұмытпағанымыз абзал»  дейді.  «Нақтылап айтсақ, бұлар – маркетингтік, логистикалық инфрақұрылымның дамымауы, салалық тәуекелдерді хеджирлеу құралдарының дамымауы, өкінішке қарай, бұлар бізде жоқ, бизнестің өзі де ұсақ тауарлы сипатта, соның салдарынан техникалық жағынан артта қалудамыз. Мұның бәрін көріп, біліп отырмыз. Соған қарамастан, әлеует мол, агробизнеске жасалатын жағдай бұл тәуекелдерді өткереді деп санаймыз», – деп түйіндеді «ҚазАгро» холдингінің басқарушы қаржы директоры.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер