«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ішкі туризм – бірігу керек

2016 жылғы 21 Шілде
- Шымкент қаласы
13914 просмотров

Оңтүстік қазақстандық туристік инфрақұрылым нысандары Атырау мен Ақтөбед өткен роуд-шоуда  ірі сомаға бірнеше корпоративтік келісім жасады

Осы екі өңірге туристік және инвестициялық мүмкіндіктер ұсынғандардың барлығы ішкі туризмді дамытудың түйткілді мәселелерін талқылап, роуд-шоу қорытындыларын шығару үшін Шымкентте кездесті.

Еске сала кетейік, роуд-шоуды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының Туризм  индустриясын дамыту комитетінің және «Qazaqair» авиакомпаниясының қолдауымен «Ontustik Tourism Center»  ақпараттық орталығы ұйымдастырды.  Сапар мақсаты – Оңтүстік Қазақстанның туристік келбетін ішкі нарықта таныту және өңірдің  туристік беделін нығайту.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының Туризмді дамыту комитеті төрайымы Гүлмира Ахбердиеваның айтуынша, Батыс Қазақстан жұрты, өкінішке қарай, атақты «Сарыағаш» сауықтыру орнынан, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінен басқа ешбір оңтүстік қазақстандық туризм нысандарын білмейді.  Шымкентте еліміздегі ең әсем «Rixos» отелі бары, одан басқа да жаңа керемет, жанға жайлы қонақүйлер бары мұндағы жұртты таң қалдырған. Шынында да ОҚО-да жеке бизнестің арқасында дамып-гүлденген  табиғи орындар, сұлу аймақтар, киелі орындар, этнотуристік нысандар көп.  Соның өзі ішкі туризмді келешегі бар бизнес ретінде қарауға мүмкіндік береді.  Туризмді дамытудың тиімділігі зор:  мейманхана, сауда, қолөнер,  тағы басқа бизнес түрлерінің өркендеуі туризмнің дамуына да байланысты.  

Оңтүстік Қазақстанға туристерді қалай тартуға болады? ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры Асқар Әбубәкіровтың пікірінше, туристік бизнес субъектілеріне өңірдің  туристік нарығында алға жылжу үшін ең алдымен өздері бірігуі керек.  Мысалы,  ОҚО Кәсіпкерлер палатасында 30 компания туристік индустрияның жүйелік мәселелерін дамытумен және шешумен айналысу үшін арнайы комитетке біріккен. Туристік фирмалардың ішкі саяхатқа қайта бағдарланып, бейімделуі көңіл қуантады. Шетел валютасы бағамының көтерілуі, Еуропа елдеріндегі қобалжыған  көңіл-күй, санкциялар мен экономикалық тұрақсыздық – осының барлығы шетелге сапарға шығушылар легін азайтады. Алайда адамдар дем алғысы келеді, жаңаша әсерлерге бөленгенді қош көреді, сондықтан саяхатқа құштарлық  әрдайым сол күйінде қалады және шетелдік сапарларға балама ретінде ұсынылады.  

Кездесуде ішкі туризмнің жарнамасын күшейту, өңірдегі мүмкіндіктерді көрсету  ниеті  жайлы да айтылды. Мәселен, роуд-шоу басқа аймақтарда да жалғасан табатын жарнаманың бір нұсқасы болып табылады. 

Кездесуге қатысушылар Қазақстанда тиімді, бәсекеге қабілетті, осы заманғы саяхат пен демалыстың туристік кешенін  жасап, оны экономиканың кірісі мол көзіне айналдыру үшін тағы да не істеуге болатынын талқылады. Бос уақытты белсенді өткізушілер клубының төрағасы Евгений Малаховтың сөзіне қарағанда, туристік қызмет сапасын арттыру үшін туристердің қауіпсіздігін мұқият ойластыру қажет. ТЖМ, полиция, жедел жәрдем және тағы басқалар ынтымақтасуы керек.   

Сонымен қатар нарық басқа ұсыныстарға да әсер етеді. Ішкі туризмнің тартымдылығын өзіне баурайтын шетелдік бағдарларға балама нұсқа ретінде ғана емес, негізгі демалыс орны ретінде де жақсарту қажет. Сонда еліміздің түкпір-түкпіріндегі жұрт қаражатын еш өкінбестен жұмсайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер