«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанға Украинадан жүкті балама жолмен жеткізу қанша тұрады?

2016 жылғы 29 Шілде
34001 просмотров

Ұлттық палата кәсіпкерлерді Қара және Каспий теңізі порттары арқылы өтетін балама бағытты алдын ала талдау нәтижелері туралы ақпараттандырады

Сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларының назарына жүктерді Транскаспий бағыты арқылы тасымалдау құнын алдын ала бағалау ұсынылады.

Бағыт басы (Ильичевск порты) – Грузия (Поти/Батуми)

Жолақы мен рұқсат бланкілері үшін алымдар:

Украинадан ҚР-на жүкті тасымалдауға арналған рұқсат бланкісі – 3 АЕК – 6363 теңге (шамамен 20 АҚШ доллары);

Паром арқылы өту құны:

Ильичевск (Украина) паромы – Поти/Батуми (Грузия) –  1000-нан 2690 АҚШ долларына дейін + қосымша төлем ретінде 90 АҚШ доллары;

Дереккөз: http://www.ukrferry.com/tariffs/cargo/tariffs-cargo-ilyichevsk-poti-batumi

Ильичевск порты- Поти/Батуми

15.06.2016 жылдан бастап Ильичевск – Батуми/Поти, Батуми/Поти – Ильичевск бағыттары бойынша жүргізушісі бар жүк автомобильдерін «Грейфсвальд»,«Вильнюс Сивэйс» және «Каунас Сивэйс» паромдары арқылы тасымалдауға арналған теңіз фрахттары мөлшерлемелері:

Жүк атауы

Фрахт мөлшерлемесі

Ильичевск – Батуми/Поти

USD

Батуми/Поти – Ильичевск

USD

Жүк тиелген жүк автомобилі

1050

800

Бос жүк автомобилі

1050

600

Спирт және құрамында спирті бар техникалық сұйықтықтар

2480

2430

Ликер-арақ (шарап пен сыраны қоспағанда), коньяктік өнімдер

1830

1710

Қысымдалған және сұйытылған газдар

1830

1710

Аккумуляторлар, аэрозольдар, химиялық жүктер, қышқылдар мен өзге де қауіпті жүктер

1170

1050

Темекі

1700

1700

Тірі жануарлар

2370

2370

ХТҰ қауіптіліктің 1 санатына жататын жүктер

2690

2690

 

Ескертпелер:

a) Мөлшерлемелер салмағы 44 т, ұзындығы 13-22 м, ені 2,6 м-ге дейін, биіктігі 4,5 м жететін жүк автомобильдеріне қатысты пайдаланылады.

b) Фрахт мөлшерлемелері өз ішіне тиеу және түсіру порттарындағы, паромның борттық электр желісіне қосылғаны үшін терминал алымдарын қамтиды (бақыланатын температуралық режимі бар жүктерге арналған).

c) Көрсетілген габаритті және салмақтық шектеулерден асатын әскери мақсаттағы жүктер, сонымен бірге автомобильдер мен өзге де жылжымалы техникалар жеке келісім және шарттық тариф арқылы тасымалданады.

d) Жүктер мен автомобильдердің кедендік рәсімдерден өтуге арналған барлық қажетті құжаттары  болуы тиіс.

е) Ильичевск – Батуми/Поти бағыттарында бір жүргізушінің жолақысы мен тамағына қосымша 90 АҚШ доллары төленеді.

Батуми/Поти – Ильичевск бағыттарында фрахт мөлшерлемелері өз ішіне бір жүргізушінің жолақысы мен тамағын қамтиды. Жүргізушілерді паром әкімшілігі бос жолаушылар орындарына өз қалауы бойынша орналастырады. Аптасына 2 паром 2 рет жүреді – сәрсенбі және жұма күндері. Паромның толық сыйымдылығы – 85 жүк автомобилі.

Ильичевскіден Поти/Батумиге дейін теңіз арқылы өтудің орташа уақыты – 30 сағат.

Құрлықтағы аймақ: Грузия (Поти/Батуми) – Әзербайжан (Баку)

Жолақы мен рұқсат бланкілері үшін алымдар:

Әзербайжан аумағы арқылы транзиттік жүріске арналған рұқсат бланкісі – 3 АЕК – 6363 теңге (шамамен 20 АҚШ доллары);

Транзиттік жүріс кезінде Грузия автожолдарын пайдаланғаны үшін алымдар  – 200 лари (шамамен 110 АҚШ доллары);

Әзербайжан автожолдарын пайдаланғаны үшін алымдар – аумақта қанша уақыт болғанына және АКҚ-ның жүк көтергіштігіне байланысты 20-дан 280 АҚШ долларына дейін.

Пароммен өту: Әзербайджан (Баку) – Қазақстан (Ақтау)

Паром арқылы өту құны:

Баку (Әзербайжан) паромы – Ақтау (Қазақстан) – 1200 АҚШ доллары;

Баку портындағы порттық алымдар  – шамамен 140 АҚШ доллары;

Ақтау портындағы порттық алымдар мен құжаттарды рәсімдеу – шамамен 160 АҚШ доллары.

Дереккөз: http://www.portaktau.kz/klientam/tarify/

Баку порты

Бүгінгі күні Баку мен Ақтау арасында тұрақты паром желісі жұмыс жасайды. Ақтауға 35 жүк көлігі сыятын 11 паром мен Ро-Ро типіндегі 28-52 вагон сиятын 2 кеме жүреді (ескертпе: Ақтау портында паром айлағының сәйкес болмауы себебінен Ро-Ро типіндегі кемелерді қабылдауға байланысты қиындықтар бар).

Паромдағы жүкті тиеу толғанына байланысты жүзеге асады.

Баку-Ақтау бағытындағы жүк автомобильдерін тасымалдауға арналған теңіз фрахтісінің мөлшерлемесі шамамен 1200 долларға тең + 140 доллар шамасындағы порттық алымдарды құрайды.

Мерзімділігі тиелім мен теңіздегі ауа райына байланысты болады.

Бакуден Ақтауға теңіз арқылы жеткізудің орташа уақыты 18-20 сағат.

Бүгінгі күні паром кешені аптасына 6 (7) паром қабылдайды (паром кешенінің өткізу қабілеті аптасына 10-11 паром). Ақтау портындағы жүк-жолаушылар паромдарын өңдеу нормалары 10-12 сағат, іс жүзінде олар 6-7 сағатта өңделеді, жүк паромдары 8-10 сағат өңделеді.

1 паромды өңдеуге шамамен 6 сағат кетеді: түсіру – 1,5-2 сағат, тиеу 1,5-2 сағат, қалған уақыт айлаққа келу, каналды босату және т.б. кетеді).

Ақтау порты

Ақтау портында порт қызметтері көрсетілген бір төлем құжаты беріледі, себебі бұл құжаттардің түрлі өлшем бірліктері бар:

  1. Клиент күші мен қаражаты арқылы орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарының ақысы жүктің 1 физикалық тоннасына 314,93 теңгеге тең (орта есеппен 30 тоннаға);
  2. Тиеу/түсіруге арналған тапсырма жазу 1 адреске берілетін 1 тапсырма  кешенінің ақысы 5117,39 теңгеге тең;
  3. Паром арқылы және Ақтау порты арқылы транзитпен келе жатқан импорттық жүктерді алып жүру және құжаттарды рәсімдеу қызметтері үшін төленетін ақы  автокөлік құралының бірлігі үшін 35000 теңге (2016 жылғы 5 наурыздан бастап);
  4. Коносаментті рәсімдеу  (экспорт кезінде) - 3200 теңге.

Орташа алғанда 1 жүк автокөлігіне төленетін ақы порт тарифтеріне сәйкес 55000 теңге шамасында.

Порт аумағында дөңгелекті техниканың 1 бірлігін сақтау - тәулігіне 3220 теңге.

Балама бағыт бойынша барлық қосымша шығындар 2900-4500 АҚШ долларына тең болуы мүмкін.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың хабарлауынша, бүгінгі таңда Ұлттық палата ҚазАТО-мен (ҚР Халықарылық автомобиль тасымалдаушылары одағы) бағыт арақашықтығын, әр аймақта жол жүру уақыты, шекараларды кесіп өту кезіндегі кедендік бақылау шаралары және т.б. көрсету арқылы жүктерді жеткізудің баламалы жолы бойынша анағұрлым толық ақпарат даярлау мақсатымен транскаспий бағытына қосымша талдау мен хронометражын жасауда.

Жасалған хронометраждың нәтижелері бойынша, барлық ақпарат «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ресми сайтында, Украина аумағынан Қазақстанға жүк тасымалдау және ұйымдастыру қызметімен айналысатын кәсіпкерлер жұмыс барысында еркін пайдалана алатындай орналасқан.

Бұл тұста, Ұлттық палата барлық кәсіпкерлерден транскаспий бағыты бойынша жүру кезінде кедергілерге тап болған жағдайда, «Атамекен» ҚР ҰКП атына толыққанды ақпарат бере отырып, ресми хат жолдауды сұрайды.

Украина аумағынан Қазақстан аумағына Ресей аумағы арқылы транзитпен жүктерді жеткізу бағыты

Ұлттық палата Украина аумағынан РФ арқылы транзитпен келесі тауар топтарын жеткізуге тыйым салынғанын еске салады:

1. ЕАЭО БКТ-де баж салығының енгізу мөлшерлемесі  нөл пайыздан жоғары Украина аумағынан келе жатқан барлық тауарлар – бұл топқа барлық украиндық тауарлар, сонымен бірге Украина аумағы арқылы үшінші елдерден (Түркия, Молдова, ЕО кейбір елдері);

2. Тізімі РФ Үкіметінің 2014 жылғы 7 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген «санкциялық» өнім (осы жерден табуға болады) –шыққан жері Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ елдері, Канада, Австралия, Норвегия Корольдігі, Украина, Албания Республикасы, Черногория, Исландия Республикасы мен Лихтенштейн Князьдігі болып саналатын ауылшаруашылық өнім, шикізат және азық-түлік.   

Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі РФ Президентінің №319 бұйрығына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі бойынша әкелу баж салығының мөлшерлемесі нөл пайыз болатын тауарларды енгізуге рұқсат.

Осыған байланысты кәсіпкерлерге Ресей аумағынан тауарларды енгізу туралы шешім қабылдар алдында, бірінші кезекте, енгізілетін тауарларды СЭҚ ТН бойынша топтап алып барып, әкелу баж салығы мөлшерлемесін анықтау ұсынылады.  

Егер ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифтерінде (http://www.eurasiancommission.org/ru/act/trade/catr/ett/Pages/default.aspx) әкелінетін тауар бойынша мөлшерлеме 0%-ды құраса, мұндай тауарларды Украина аумағынан Ресей арқылы транзитпен әкелуге болады.

«Бүгінгі күні ЕАЭО БКТ-де нөлдік мөлшерлеме 1908 тауарға қатысты қолданылады, олардың 80-не нөлдік мөлшерлеме уақытша негізде жарамды», – деп түсіндірді ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры Индира Сәдуақасова. 

ЕАЭО БКТ-тің нөлдік баж салықтары келесі үлгіде үлестірілген: машина жасау – 1103 тауар; АӨК және тағам өнеркәсібі – 161 жайғасым; химия өнеркәсібі – 159 жайғасым; асыл емес металлдар мен олардан жасалған бұйымдар – 120 жайғасым; көлік құралдары – 111 жайғасым; жеңіл өнеркәсіп – 46 жайғасым; минералды өнімдер – 31 жайғасым; ағаш өңдеу – 21 жайғасым; асыл және асыл емес тастар – 11 жайғасым; өзге де өнеркәсіптік тауарлар – 144 жайғасым.

Ұлттық палатаның Экономикалық интеграция департаменті 2015 жылы Украинадан Қазақстанға импортына талдау жасады. Украинадан ҚР-на баж салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша әкелінген тауарлар туралы ақпарат төмендегі суретте көрсетілген.

«Әкелуге рұқсат етілген тауарларға қатысты бұған дейін әрекет еткен ЕАЭО сыртқы шекараларының белорус аймағы арқылы әкелу тәртібі сақталады. Бұл тұста ГЛОНАСС жүйесі негізінде бітемелерді пайдалану шарты сақталуы тиіс», – дейді ҰКП өкілі.

«Атамекеннің» хабарлауы бойынша, бүгінгі күні шыққан және жөнелткен жері Украина болып саналатын тауарларды Қазақстанға құрлықпен әкелу үшін ЕАЭО сыртқы шекарасында және Беларусь Республикасы мен РФ, РФ мен ҚР арасындағы мемлекеттік шекараларда жіберу т/ж және автопунктілері анықталған.

Беларусь-Украина аймағында:

Т/ж өткізу орындары:

Тереховка (Щорс) – Гомель қ.

Горынь (Удрицк) – Брестская облысы

Словечно (Выступовичи) – Гомель облысы

Өткізу автопунктілері:

Новая Гута (Новые Ярыловичи) – Гомель облысы

Новая Рудня (Выступовичи) – Гомель облысы, Ел ауданы

Мокраны (Доманово) – Брестская облысы

Верхний Теребежов (Городище) – Брестская облысы

Александровка (Вильча) – Гомель облысы

Мохро (Дольск) – Брестская облысы

Беларусь-Ресей аймағында:

Т/ж өткізу орындары: Смоленск Сортировочная бекеті, Смоленск кеденінің Заднепровский кедендік  бекеті;

Өткізу автопункттері: Смоленск кеденінің Краснинский кедендік бекеті.

Ресей-Қазақстан аймағында:

Т/ж өткізу орны: РФ Озинки бекеті/ ҚР «Жайық» өткізу пункті.

Өткізу автопунктілері: «Маштаково», РФ Самарская кедені/Батыс Қазақстан облысы, «Сырым» өткізу пункті;

Челябинск кедені, «Бугристое»/Қостанай облысында орналасқан «Қайрақ».

РФ жеткізіліміне қойылатын негізгі талаптар

РФ Президентінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы №1 жарлығымен Украина аумағынан Қазақстанға тауарларды әкелу тәртібі бекітілді, оған сәйкес жүктерді тасымалдау ГЛОНАСС жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйе технологиясы негізінде әрекет ететін бітемелерді пайдалану шарты бойынша авто және т/т көліктері арқылы жүзеге асады. Бұл талаптар Украина аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына келе жатқан барлық көлік құралдары үшін (т/ж және авто) міндетті саналады.

Бітемелерді салу (алу) РФ аумағына ену (шығу) кезінде, жүкті жіберуші немесе алушы есебінен жүзеге асуы керек. Сонымен бірге, автокөлік құралдарының жүргізушілері РФ аумағына ену кезінде есептік талондар алуға міндетті және оларды РФ аумағынан шығу кезінде  Көлік саласындағы қадағалау жөніндегі Федералды қызметке өткізу қажет. Егер жүргізушілер ГЛОНАСС жүйесі негізінде бітемелерді алу (салу) тәртібін бұзған жағдайда есептік талондар жарамсыз деп танылады.

ҰКП түсіндірмесі бойынша, т/ж көлік құралдарына бітемелерді орнату және алу келесі талаптарды сақтау арқылы жүзеге асады:

1. «ИТС» ЖШҚ-мен бітемелерді жалға алу туралы шартқа отыру;

2. Бітемелерді жалға алу құны – тәулігіне 944 ресей рублі және әр ГЛОНАСС бітемесі үшін 59000 ресей рублін кепілдікке қояды. Бітемені бүлдірген немесе жоғалтқан жағдайда кепіл сома қайтарылмайды;

3. Жалға алушылар өтінімдері бойынша Смоленск-Сортировочный мен Озинки бекеттерінде «РЖД» ААҚ өкілдері жалпы форма актісі бойынша ГЛОНАСС бітемелерін орнатады және алады.

Шартқа отыру талаптары бойынша толық ақпарат алу үшін «ИТС» ЖШҚ байланыс деректері:

«Интеллектуальные транспортные системы» жауапкершілігі шектеулі қоғам («ИТС» ЖШҚ)

«Интеллектуальные транспортные системы» (ООО «ИТС»)

190005, Санкт – Петербург қаласы, Обводный канал, 118-үй, 17-корп, лит. А, көм. 2Н, № 1-бөл. Электронды пошта: itslls@mail.ru

Байланыс тел.: 8 (812) 415-40-34, 8 (812) 415-40-44

Автокөлік құралдарына ГЛОНАСС бітемелерін орнату туралы ақпарат

Смоленск кеденінің Краснинск кедендік бекетінен өткізу автопунктінен тікелей жақын жерде  «Страж» ИӨК» бітемелерді жалға беру орны орналасқан. Жүргізушілер ГЛОНАСС бітемелерін алғаннан кейін Көлік саласын қадағалау жөніндегі Федералды қызметінің лауазымды тұлғаның көзінше АКҚ-на бітемелерді орнатуы керек.

АКҚ бітемелерді жалға алу төлемі – тәулігіне 944 ресей рубліне тең, сонымен бірге әр ГЛОНАСС бітемесі үшін 30 000 Ресей рубліне тең кепіл төлем қалдыруы керек. Бітемені бүлдірген немесе  жоғалтқан жағдайда, кепіл сомасы қайтарылмайды.

Сонымен бірге, кедендік өткізу орнының шешімімен ГЛОНАСС жүйесі негізінде бітемелер орнатылған автокөлік құралдарына қосымша кедендік жасақ (күзет) қолданылуы мүмкін. Ал кедендік жасақ мөлшерлемесі шақырымға байланысты 2 мыңнан 6 мың Ресей рубліне дейін жетуі мүмкін. Қазақстандық кәсіпкерлер Украинадан Қазақстанға, мәселен, Смоленскіден Қостанайға дейін жүктерді тасымалдау үшін шамамен 25 мың рубль төлеуі керек.

Украинадан Қазақстанға жүктерді тасымалдау бойынша қосымша ақпарат пен түсіндірмелерді «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына электронды мекенжай арқылы алуға боладыdei@palata.kz немесе Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағынан (ҚазАТО) келесі телефондар арқылы алуға болады: 8-7272-50-92-94, info@kazato.kz

ҚазАТО жанында Украинадан тауарларды тасымалдау, нақтырақ айтқанда Украина аумағы арқылы транзитпен Қазақстанға әкелу мәселелері бойынша сенім телефондары жұмыс жасайды:

8 (727) 292 0226, 8 (727) 292 2345, 8 (727) 292 86 62

8777 214 0967, 8 707  200 00 74, 8 777  217 4304.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер