«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқудың бір бағыты – өсімдік шаруашылығы

2016 жылғы 18 Шілде
8812 просмотров

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын 400-ден астам отандық фермер «Атамекен» ҰКП-ға қарасты Агробіліктілік орталығында оқытылды

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері мен қазақстандық сарапшылардың қатысуымен өткен селекторлық жиында Агробіліктілік орталығының директоры Төлеутай Рахымбеков мәлімдегендей, «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша 28 семинар өтіп, 413 фермер оқытылған. Қазіргі кезде семинарлар бір уақытта еліміздің 11 облысында өтуде. Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында семинарлар сәл кейінірек басталады. Семинарлар АӨК-тің 25 әлеуетті бағытын қамти отырып, еліміздегі алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың базаларында өткізіледі. Фермерлерді оқыту барысында оқытудың дуальды жүйесі қолданылады, АӨК субъектілері инновациялар туралы теориялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, бірден сол базалық шаруашылықта агробизнесті тиімді жүргізудің жаңа технологиялары мен құралдарын тәжірибеде қолдануды үйренеді. Семинарларға арналған әдістемелерді шетелдік сарапшылардың қатысуымен қазақстандық сарапшылар әзірлеген.

«...Ақмола облысында Германиядан келген шетелдік сарапшы А.Штадлердің қатысуымен «Картоп» бағыты бойынша бір семинар өткізіліп қойды. Тыңдаушылар тарапынан қызығушылық байқап отырмыз. Қалған 24   шетелдік сарапшы осы жылдың шілде айының соңынан қыркүйек айына дейін келеді деп жоспарлануда. Семинарларды өткізу барысында базалық (алдыңғы қатарлы) шаруашылықтар шетелдік сарапшылардан да, қазақстандық сарапшылардан да нақты кеңестер мен ұсыныстар алады. Қызығушылық танытып отырған барлық тұлғалар, соның ішінде базалық (алдыңғы қатарлы) шаруашылықтар мен семинар қатысушылары сарапшылардың уақытын барынша тиімді пайдаланып, қажетті кеңестерді алулары қажет. Егер семинарлар соңында, тыңдаушыда сұрақтар туып жатса, олар «Атамекен» Ұлттық кәсіперлер палатасының АӨК субъектілеріне арналған байланыс орталығына мына нөмір бойынша хабарласулары қажет: 59 79 60. Қазақстанның барлық өңірлерінен қоңырау шалу тегін әрі нөмірге Астананың кодын термей-ақ қоңырау шалуға болады. Алматы қаласының тұрғындары байланыс орталығының нөмірін терместен бұрын «2» санын терулері қажет. Біздің сарапшыларымыз байланыс орталықтары арқылы барлық қызығушылық танытқан фермерлерге кеңес береді. Одан бөлек, шілде айының соңында біз www.fermers.kz ақпараттық-талдау порталын іске қосамыз. Ол кезде фермерлерге онлайн-кеңестер алуға мүмкіндік туады. Жергілікті жерлердегі АӨК субъектілері арасында байланыс орталығының нөмірін барынша көбірек таратуларыңызды сұраймын», – деп әріптестеріне өтініш білдірді Агробіліктілік орталығының директоры Т.Рахымбеков.

Селекторлық жиын барысында жиынға қатысушалыр еліміздің барлық өңірлерінде АӨК субъектілеріне арналған оқыту семинарларын өткізу бойынша бірқатар ұйымдастырушылық және әкімшілік мәселелерді талқылады.


Ұқсас жаңалықтар:

Қызылша өсірудің қыр-сыры
16 Тамыз
2016
Жетісу облысы
Мақта өсірудің де өз мәні бар
11 Тамыз
2016
Шымкент қаласы
Сиыр бағуға да ғылым керек
10 Тамыз
2016
Қарағанды облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер