«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңадан кәсіп бастағандарға көмектесейік!

2016 жылғы 18 Шілде
- Павлодар облысы
11350 просмотров

Ертіс ауданындағы кәсіпкерге өз ісін ашу оңайға соқпады

Бәрі 2015 жылы Қанапия Сайран тігін цехын ашқысы келгеннен басталған. Бірақ ол несие ала алмады. Өйткені, қаржы институты оның кәсібін өміршең емес деп шешкен.

Биыл кәсіпкер ханым тағы да бақ сынап көргісі келеді. Ол аудандық палата филиалынан көмек  сұрады.

Мұндағылар қажетті құжаттарын жинастырып, бизнес-жоспар құруға көмектесті.

Несие алудағы кәсіпкердің алдыңғы сәтсіз қадамын ескере отырып, филиал директоры өкілетті қаржы мекемесінінің басшылығымен жеке кездесуді ойластырады. Екіжақты сауатты сұхбат сәтті өтті. Бизнес-жоспарды зерттеп, несие алу өмірбаянын қарастырып, барлық құжаттарды тексеріп болған соң несие беру туралы шешім шығарылды.

Ары қарайғы жұмыс барысында құқық беретін кепілдік құжаттарда туралық жоқтығы анықталады. Кәсіпкер ханым тағы да дымсыз қалады.

Бұл мәселе облыстық дейгейге шықты. Өңірлік палата алаңында Өңірлік палата, аудандық филиал сарапшыларымен, Ертіс ауданы Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық бөлімі, Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының заңгерін шақырып, кездесу өткізеді. Осылай кездескен соң, тараптар ортақ келісімге келіп, пікір алмасты.

Көптен күткен несиені алған кәсіпкер қажетті құралдарын сатып алды, өндірісті іске қосты.

Қазір ауылдық іскер әйел Палата сарапшыларының көрсеткен қолдауына шексіз алғысын білдіріп отыр. «Кәсіпкерлер палатасының маған жасаған қолдауына разылығым мол. Солардың арқасында кәсібім жанданып жатыр. Бәсекеге қабілетті болуға тырысып бағамыз», – деді өз сөзінде кәсіпкер ханым.

Тігін цехының қызметі тек ауылдықтар үшін ғана керек болып қалған жоқ, оған мемлекеттік мекемелер де мұқтаждық танытып отыр (білім беру орындары, медицина мекемелері). 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер