Декларация дұрыс толтырылған
Тауар жеткізушіден кеткен қателік компанияны шығынға ұшырата жаздады
«Amcor Tobacco Packaging Kazakhstan» компаниясы темекі өнеркәсібіне арналған қорапша шығарумен айналысады әрі Rio Tinto концерні сатып алған Amcor Global Tobacco packaging-нің бір бөлімі саналады. Компания жылына 1,6 миллиард қорапша шығарады.
Жақында кеден бекетінде болған жағдай компанияны әуре-сарсаңға салды. Кейін анықталғандай, тауар кедендік рәсім дұрыс жасалмағандықтан шекарада қалып қойған. Компания Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрай келіпті. Жүк Алматы қаласының аумағында рәсімделгендіктен, аталған мәселені жылдам әрі тиімді шешу үшін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының мамандарына жүгіну туралы шешім қабылданды. Алматы қаласы КП әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Данияр Керімбеков кәсіпкерлер үшін Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығымен кездесу ұйымдастырды.
«Көбінесе кәсіпкерлер күмәнді кедендік мәселелерге тап болып жатады. Оның мәні мынада, алушы мен жеткізуші тауар салмағын әртүрлі етіп көрсетеді. Осы қателікке бола тауар кеденде қалады. Уәкілетті орган тексергеннен кейін компанияның кедендік рәсімдеу дұрыс деп танылды. Осылайша, кәсіпкердің мәселесі шешілді», – деп атап өтті Д.Керімбеков.
Кедендік реттеу анықталған соң, «Amcor Tobacco Packaging Kazakhstan» Алматы қаласы Палатасының сарапшысының кәсіби әрекетін жоғары бағалап, алғысын білдірді.
Айта кетерлігі, бұл Алматы облысы және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палаталарының алғашқы тиімді өзара іс-қимылы емес. Бұрынырақ кәсіпкерлердің мәселелерін шешу мақсатында қос палатаның Өңірлік кеңестері Тадықорған мен «Қорғас» ШЫХО-да бірлескен отырыстар ұйымдастырған еді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: