«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елбасы қолынан сыйлық ал!

2016 жылғы 14 Шілде
9569 просмотров

«Атамекен» отандық бизнес өкілдерін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алу үшін «Алтын сапа» байқауында бақ сынауға шақырады  

ҚР ҰКП 2016 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алу үшін «Алтын сапа» байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» атты республикалық байқау-көрмеге қатысу басталғанын хабарлағаны аян.

Президент сыйлығын 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы бекіткен, ол Қазақстанның жаңа экономикасын құруды, отандық өндірісті дамытуды, тауар мен қызмет көрсетудің сапасын көтеруді көздейді.

Жыл сайын осынау жоғары деңгейлі марапатқа 200-ден аса отандық кәсіпорын үміткер атанады. Сыйлықты Мемлекет басшысы өзі тапсырады.

Бүгінде ҰКП өз саласының үздігі атанғысы, жетістікке жеткісі келетін кәсіпкерлерге, отандық бизнес өкілдерін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алу үшін «Алтын сапа» байқауы мен «Қазақстанның ең үздік тауары» атты республикалық байқау-көрмеге қатысуға үндеп отыр.

Ұйымдастырушылар 2016 жылы өткізілетін өңірлердегі «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің кестесін бекітті.

Өз компанияңыздың абыройын арттырғыңыз келсе, өңірлік Кәсіпкерлер палатасына «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі басталардан 20 күн бұрын өңірлік деңгейдегі байқауға өтініш беріп үлгеріңіздер!  

Байқау бойынша барлық ақпарат мына сайттарда бар: www.palata.kz және  www.altynsapa.kz, тел.: 8 (7172) 919 388 (1931).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер