«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық кәсіпкерлер бизнес-омбудсменнен не күтеді?

2016 жылғы 12 Шілде
- Павлодар облысы
7463 просмотров

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқын қорғау жөніндегі өкіл Болат Палымбетов Павлодар облысында болғанда экономика, өндіріс, өңірдегі шағын кәсіпкерліктің ахуалы жайлы сөз қозғады

Іссапармен барған бизнес-омбудсмен облыс әкімі және прокурорымен кездесті. Кәсіпкерлерді дамытатын әрі қолдайтын өзекті мәселелер талқыланды, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің түйткілдері де сөз болды.

Қазақстан кәсіпкерлерін құқын қорғаушы өкіл Болат Палымбетов Павлодар облысына аймақтағы кәсіпкерлердің түйткілді мәселесін көтеруге, облыстың «Іскер климат» рейтингі бойынша орынын анықтауға, жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін талқылауға келді. 

Бизнес-омбудсмен – біздің ел үшін мүлде соны институт екенін атап өткен абзал. Оның жоғары мәртебесі мен ауқымды өкілеттігі қазақстандық бизнестің мәселелері мен заңнамадағы қайшылықтарды жүйелі әрі тиімді шешуге көмектеседі.

Түстен кейін Болат Палымбетов дөңгелек үстел басында өңірдегі кәсіпкерлермен кездесіп, әрбірінің мәселесін жеке тыңдады. 

Көбіне кәсіпкерлер салық органдарының әрекеттеріне шағымданды, одан бөлек сатып алу мен жер қатынастары, монополистердің әрекеттері де төмен деңгейде екендігі айтылды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына соңғы кезде мемлекеттік кіріс департаменті салықты еселеп төлеттіріп жатыр. Оның негізі сот шешімдеріне тіреледі. Сот келісімшарт жасасқан кей заңды тұлғалардың тіркеуін заңсыз деп тауып жатыр.

Мұндай шешімдерді кәсіпкерлер тек салық органдары хабарлама жібергенде бір-ақ біледі. Өзін ақтай алмайды. Сотқа шағым жаза алмайды. Өйткені, сот соттасушы тараптар емеспіз деген уәж келтіреді.

Бизнесмендер салық хабарламаларын да жоққа шығара алмайды, өйткені олар соттың шешіміне негізделіп беріледі. Тұйық шеңбер. Мұндай жағдайда кәсіпкер конституциялық құқығына сүйеніп, соттаса алмайды, өзінің әрекетінің дұрыстығын дәлелдеуге тұғыр жоқ.

2015 жылы өңірдегі кәсіпкерлер палатасына 142 шағым түскен. Биылғы жылдың алты айында 350 шағым болды.

Өңірлік палата қарастырған шағымдар нәтижесі бойынша осы мерзімде 59 түйткілді мәселе кәсіпкерлер пайдасына шешілген. Экономикалық тиімділігі 630 миллион теңгені құрап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер