«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Металлургтер дағдарыстан қорықпайды

2016 жылғы 12 Шілде
9549 просмотров

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жылдың бірінші жартысында 186 мың тонна өнім шығарған

Алғашқы жартыжылдықты қорытындылау дәстүріне сай, Металлургтер күні қарсаңында біз Ақтөбе ферроқорытпа зауытының (Қазхром, Еуразиялық топ) жетістіктері туралы кәсіпорын директоры Мұрат Мұқашевпен әңгімелескен едік.

Өндіріс туралы

Зауыт күнделікті қалыппен жұмыс жасауда. Егер өндірістік көрсеткіштер туралы айтсақ, бірінші жартыжылдық ішінде 186 мың тонна ферроқорытпа өндірілді. Жаңа зауыттағы жоғары көміртекті феррохром өндірісінің айтарлықтай артуы жөндеу жұмыстарын қысқарту есебінен пештердің номиналды жұмыс уақытының артуымен байланысты.

Жыл басында тиелімге қатысты қиындықтар болған, бірақ қазір жағдай тұрақтанды. Алты ай ішінде 190 мың тоннадан астам ферроқорытпа тиелімі жүзеге асты, олардың 123 мың тоннасы ескі зауыттан шықса, 47 мың тоннасынан астамы жаңа зауытқа тиесілі.

Өзге өндірістік шараларға қатысты айтсақ, мамыр айында әктасты күйдіруге және көмірқышқылын өндіруге арналған айналмалы пешке отыз тәуліктік күрделі жөндеу жүргізілді, ал маусымда №39 пешіне 20 тәуліктік жөндеу жүргізілді. Жақын арада біз «Қазақстан алюминиі» АҚ өндірісінің түпқоймаларына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жүргізу жөніндегі эксперименттік жұмыстарды бастауды жоспарлап отырмыз. Егер эксперимент нәтижелері оң болса, бұл түпқоймаларды топішілік сатып алуға мүмкіндік берер еді.

Жалпы, бірінші жартыжылдық ішінде барлық жоспарлық көрсеткіштерге қол жеткіздік, біздің өнімге деген сұраныс бар, тиелім де артты. Металлургтер үшін дағдарыс деп отырар уақыт жоқ, біздің жұмыс әрқашан жетіп артылады.

Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау туралы

«Қазхромда» жүйелі түрде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникаларының сақталу деңгейін арттыру жөніндегі шаралар жоспарланады. Ал Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының басты мақсаты бұрынғыдай жарақаттың нөлдік деңгейі болып саналады. Бұл мақсатқа жету үшін біз жыл сайын еңбекті қорғау саласында шаралар өткізіп тұрамыз.

Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) сатып  алу және жұмысшылардың жұмысын қауіпсіз жүргізу ережелеріне оқыту секілді артықшылықтармен қатар, біз тәуекелдерді барынша болдырмау және еңбек шарттарын жақсарту бойынша шараларды жүзеге асырамыз.

Дабыл парақтары бойынша екінші маусымда 1046 парақ келіп түскен. Олардың 155-і, яғни ең көбі энергетикалық цехтан. Өздеріңізге белгілі, бұл дәстүр кеңес кезінен келе жатыр, бүгінде біздің қызметкерлер бұл құралды белсене пайдалануда және қауіпсіздік мәселесіне келгенде барлығына назар аудару қажет екенін түсінеді.

2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында еңбекті қорғау бойынша салынған инвестициялар құны 598 миллион теңгеге тең болды. Олар зауыт жұмысшыларын емдік-алдын алу тамақтанумен және сүтпен қамтамасыз етуге, ЖҚҚ сатып алуға, әлеуметтік және емдік-алдын алу шараларын жүргізуге, медициналық тексерістен өткізуге бағытталған. Жұмысшылар денсаулығын өндірістегі оқыс жағдайлардан сақтандыру және еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнама нормалары мен талаптарына сәйкес тәуекелдерді азайту және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралардың да маңызы зор.

Сәуір айында қауіпсіздік айын өткіздік. Оның басты мақсаты жұмысшылар назарын жұмыста да, тұрмыста да өзін-өзі ұстау мәдениетіне аударту. Бұл шара барысында балалар суреттерінің байқаулары ұйымдастырылып, стендтер безендірілді, әуесқой бейнероликтер түсірілді, өндіріс мәдениеті бойынша жұмыс істегеніне 1 жыл толмаған жұмысшылар арасындағы байқау, «Тұрмыстағы қауіпсіздік» байқауы ұйымдастырылды, біздің қызметкерлер өлең шығарып, тіпті комикстер де жасады.

Бұдан басқа, компанияда да, зауытта да  тәуекелдерді бағалауға бағытталған «Қорғаныс» жобасы табысты түрде жұмыс жасауда.  Биыл 34 мамандықты бағалау көзделіп отыр. Бірінші маусымда 19 мамандық бағалаудан өтті, қазір бесеуі бағалануда.

Сапа жөнінде

Зауытта қолданыстағы менеджмент жүйесін, жеке алғанда, сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) жетілдіру жөнінде тұрақты және мақсатты түрде жұмыс жүргізіледі. Жоспарлы түрде және толық көлемде ішкі аудиттер өткізіледі, СМЖ құжаттамасын уақытылы өзектендіру жүзеге асуда, бекітілген талаптарға сәйкес СМ/СМЖ жөніндегі Кеңестер, сонымен бірге зауыт бөлімшелеріне арналған үйрету семинарлары мен отырыстар өтеді.

Зауыттың сапа менеджменті жүйесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін Алматы қаласындағы «CERT AcademyKazakhstan» ЖШС мамандары 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта ISO 9001, ISO 50001, ISO 14001 OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес біріккен менеджмент жүйесінің ішкі аудиторларының білімін өзектендіру жөнінде семинар өткізді. Сонымен бірге, зауыт базасында «ISO 9001:2015 стандартының жаңа нұсқасына өту» тақырыбы бойынша 23 қызметкерге үйрету семинарын өткіздік.  Оған «CERT AcademyKazakhstan» ЖШС оқытушылары қатысты.

Бүгінгі ИСО 9001 және ИСО 14001 халықаралық стандарттарының жаңа нұсқаларының шығуымен байланысты өзгерістер кезеңінде және менеджмент жүйесі стандарттарының жаңа жүйесіне өту бойынша алдағы жұмыстарға байланысты ISO 9001:2015 халықаралық стандарты сатып алынды. Шілде айында ISO 9000:2015 және ISO 14001:2015 халықаралық стандарттарын сатып алу көзделіп отыр.

Cәуір айында «Сапаға адалдық» консалтингтік орталық» ЖШҚ шарттық міндеттемелеріне сәйкес, нормативті құжаттардың электронды базасы толығымен жаңартылды. Кәсіпорын зауытқа кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету бойынша шартқа отырған, оның аясында стандарттау, метрология, сапа менеджментін сертификаттау бойынша нормативті құжаттарды сатып алу жүзеге асуда.

Сонымен бірге, әлбетте, ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының талаптарын сақтау шеңберінде зауыт мамандарымен ұдайы жұмыс жасалуда.

Экология жайында

Еңбекті қорғау секілді экология бойынша да бізде айлық өткізілген, оның аясында цехтар мен бөлімшелерде табиғатты қорғау жөнінде шаралар өтуде, мәселен «Экология менен басталады» деп аталатын зауыт қызметкерлерінің балалары арасында барлығы жақсы көретін байқау ұйымдастырылды. Айтпақшы, жартыжылдықтың кең көлемді шараларының бірі – Илек өзенінде  мыңнан астам тұқы құртшабағын өсіру. Бұл үшін біз екінші жыл қатарынан «Ардағым» шаруа қожалығы тоғандарында өсірілетін балықтарды сатып аламыз.

Ағаш отырғызу бойынша да биыл көп жұмыс жасалды. Биосантүрлілікті сақтау жөніндегі шараларға сәйкес 210 көшет отырғызылды. Ақтөбе қаласында өткен науқан аясында біздің жұмысшылар жалпы алғанда 220 көшет екті. Биыл бірінші рет Жастар кеңесі Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының еңбек сіңірген зейнеткерлерінің аулаларында жеміс-жидек ағаштарын отырғызды.

Мәдениет және спорт турасында

«Қазхромның» барлық филиалдарындағыдай металлургтер мәдени және спорттық өмір үшін үнемі уақыт табады. Біздің жұмысшылар барлық салаларда керемет нәтижелерге жетуде. Металлургтердің мәдениет үйінде үнемі мерекелік концерттер өтеді, ал кезекті «Айналайын-2016» жас дарындар фестиваль-байқауы жаңа дарындардың «көзін» ашты. Бір қуантарлығы, тек біздің қызметкерлердің балалары арасында ғана емес, сонымен бірге облыс балалары арасынан да.

Спортқа келер болсақ,  2016 жылдың бірінші жартысында біздің спортшыларымыз аз нәтижеге жеткен жоқ. Қаңтар айында жас баскетболшылар Орынборда өткен 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде екінші орынға ие болды. Наурызда Соль-Илецкте 2003-2004 жж. туған қыздар арасындағы волейболдан халықаралық турнирде АФЗ командасы бірінші орынды иеленді. Сәуірде «Қазхром» гандболшылары ҚР 1999 жылы туған жасөспірімдер арасындағы чемпионатта бірінші орын алып, үздік нәтижеге қол жеткізді. Дәл осы айда АФЗ қоржынына ардагер-волейболшылар волейболдан халықаралық турнирде бірінші орын жүлдесін салды. Ерлердің жоғарғы лига командалары арасында гандболдан ҚР XXIV чемпионатында «Қазхром» ТҰК» командасы екінші орынды қанжығасына байлады. «Сұлтан» мейманханалық кешенінде волейбалдан өткен турнирде АФЗ командасы бас жүлде – Toyota автокөлігіне ие болды. Ал ең айрықша жеңіс ретінде XIII Спорт ойындарында «Қазхром» ТҰК» АҚ ұтып алған жалпыкомандалық бірінші орынды атауға болады.

Бұл мәдени, өндірістік жетістіктердің барлығы – біздің қызметкерлердің еңбегінің жемісі, себебі олар қандай қиындыққа тап болса да еңбекте де, бос уақытында да жетістікке жетуге күш табады және соған ұмтылады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер