«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» фермерлерге бизнестің қыр-сырын үйретеді

2016 жылғы 12 Шілде
11047 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП қарасты Агроқұзыреттілік орталығы ауылшаруашылық кешені субъектілерін инновацияларға және агробизнесті тиімді жүргізудің негізін үйретуді бастады

Қазіргі таңда Қазақстанда ауылшаруашылық өнімін өндіруге 217 мың ауылшаруашылық құрылымы атсалысып жатыр. Өндірушілердің көбісі арнаулы білімі жоқ адамдар. Немесе олардың кәсіби білігі ауылшаруашылық саласының тек белгілі бір тармағына ғана бағытталған.

«Агробизнес-2020» бағдарламасының негізгі жауапкершілігі – білім беру жүйесін дамыту. Осы бағдарлама аясында ауылшаруашылық кешенінің барлық саласына арналған білім беру жүйесін дамыту жоспарланып отыр, сол арқылы Қазақстанның барлық өңірлерінде тәжірибе алмасу, кеңес беру, әдістемелік қосымшалар шығару қолға алынбақ.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялау керектігі анық айтылады.

Ауылшаруашылық өндірушілерді ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктер нәтижесімен тікелей таныстыру мақсатында әрі алдыңғы қатарлы технология өнімдерін ауылшаруашылық саласына енгізу үшін арнайы білім беретін жүйені орнықтыру шарт.

«Атамекен» ҚР ҰКП шағын және орта кәсіпкерліктің мүддесін көздейтінін ескере отырып, өз қызметінде кәсіпкерліктің барлық саласын қамтитыны, арнаулы мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеру, сертификат беру, аттестация жүргізуде тәжірибесі мол, өңірлік торабы кең жетілгендіктен, ауылшаруашылық кешенінде де білім беру жүйесін тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырма Палатаға жүктелді. 

«Атамекен» ҚР ҰКП жанынан Агроқұзыреттілік орталығы құрылды. Ол ауылшаруашылық кешені саласында ел бойынша алдыңғы қатарлы қызмет көрсетуші болуы тиіс. Агроқұзыреттілік орталығының негізгі қызметі агрокәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған курстар ашу, агроөнеркәсіп субъектілерінде қолданылатын алдыңғы қатарлы технологияларды оқытудың оқу-әдістемелік бағдарламаларын әзірлеу.

Агроқұзыреттілік орталығы ауылшаруашылық субъектілерін ақпараттық-кеңес беру қызметімен қамтамасыз етпек және ауылшаруашылық нарығына талдау зерттеулерін жасап отырады, ауылшаруашылық субъектілеріне тәжірибелік кеңес беру үшін шетелдік сарапшылар мен мамандарды тәжірибеден өткізеді.

Биыл Агроқұзыреттілік орталығы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын орындау үшін елдегі он мың ауылшаруашылық субъектісін қамти отырып, негізгі 25 бағыт бойынша 666 тегін семинар өткізеді.

Бүгінгі таңда Агроқұзыреттілік орталығы мемлекеттік тапсырма аясында семинарларға арналған әдістеме жасап жатыр, елдегі фермерлер үшін ақпараттық-талдау порталы жасалу үстінде, онда арнаулы шетелдік әрі қазақстандық сарапшылар, жоба лекторлары блок жүргізеді, вебинарлар мен онлайн-кеңестер беріледі, хабарландырулар мен форум айдарлары болады, оған қоса ауылшаруашылық саласының негізгі 25 бағыты бойынша модульдер жасалады.    

Ауылшаруашылық кешені субъектілеріне арналған call-орталықтар қызмет көрсетеді. Елдегі барлық ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлері 59-79-60 нөмірі бойынша хабарласа алады. Қоңырау шалу Қазақстанның барлық өңірінен тегін әрі Астананың кодын терместен хабарласа беруге болады. Алматы тұрғындары үшін call-орталық телефоны: 2-59-79-60.

Қазақстандық әрі шетелдік сарапшыларды тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Семинарлар өткізілетін алдыңғы қатарлы шаруа қожалықтарымен келісімшарттар жасалынды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы семинар өткізудің орнын даярлайды, түстік ішудің, көлікті жалға алудың мәселесін шешеді.  

Оқу семинарлары 1 күннен бастап 5 күнге дейін өткізіледі. Бәрін де қамтитын тақырып ауқымына әр өңірге, түрлі бағытқа арналып жасалған әдістемеліктер кіреді. Әр семинарға өзінің саласының тыңдарманы жиналатын болады.

Семинарлардың теориялық тарауы (лекциялар, алдыңғы қатарлы технология мен әдістерді қолданудың тәртібі мен ұстанымдарынан жалпы түсінік беретін) және тәжірибелік бөлімі (алдыңғы қатарлы технология мен әдістерді іс жүзінде қолдануды үйрету, тыңдауға мүмкіндік беріп, тыңдай отырып материалды өздігінше жасап көруге жағдай жасалады) бар.

Өткізілетін семинарлар тақырыбы ауылшаруашылық кешенінің басты бағыттарына арналады:

1)    Ауыл шаруашылығын жүргізудің технологиялық қырына, оның ішінде егін егу, мал шаруашылығы мен ветеринария, өңдеуде алдыңғы қатарлы технологияны қолдану, органикалық жерді игеру мәселесін кеңейту жоспарланып отыр, ол Қазақстан экономикалық ұстанымын дамытатын болады;

2)    Аграрлы менеджмент, оның ішінде кәсіпорынды басқару, қаржылық жоспар жасау, баға нақтылау, өткізуді ұйымдастыру, бизнес-жоспар, тәуекелдерді басқару. Ауылшаруашылық кешеніне мемлекеттік қолдау шарттары, кооперация;

3)    Ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу, алдыңғы қатарлы технологиялар трансфертіне жол ашу, коомерцияландыру негізі мен инновацияны қолдану саласындағы отандық тәжірибені тарату.

Тақырыптар ауылшаруашылық кешені субъектілерінен тікелей алынған ақпараттар негізінде топтастырылды. 

Жоба аясында ауылшаруашылық кешені субъектілеріне кеңес беру жоғары дәрежелі қазақстандық сарапшылардың тікелей құзырында, олар өңірлер мен шаруашылықтарға барып семинар өткізеді, ауылшаруашылық субъектілеріне технологиялық міндеттер мен заманауи технологияларды енгізу кезінде іс жүзінде көмектеседі, интернет-портал мен сall-орталықтар арқылы да кеңес береді.

Егін егу бойынша білім беру семинарлары аясында тыңдармандарға қай маусымда не егу қолайлы, қандай технологияны пайдаланған жөн, оның көрсету қызметі қандай деңгейде екендігін айтып түсіндіреді. Егу технологиясын таңдағанда, оның ішінде қандай түрін егуді таңдау, егілу жүйесі, сұрыптары мен қорғау заттары да айтылады. Мал шаруашылығына қатысты семинар кезінде тыңдармандар өндірістің заманауи технологиясы, жем-шөпті сақтау қоймасы, немен жемдеу керектігі, малды қалай бағып-күту керектігі, малға жасалатын диагностика, алдын алу, емдеу тәсілдері туралы ақпарат, басқа да технологиялар бойынша кеңестер беріледі.

Агроқұзыреттілік орталығы семинарлардың тиянақты болып өтуі үшін шілденің соңына қарай қазақстандық маман-тренерлерді оқытуды бастамақ. Шілде бойы Агроқұзыреттілік орталығы елдің 14 облысында 150 семинар өткізбекші.

Агроқұзыреттілік орталығының директоры болып Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков тағайындалды.

Т.Рақымбеков ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде көптеген жылдар бойы жұмыс істеген, еліміздегі бірқатар институттардың (ҚазАгроИнновация, Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы) негізін салушы. Қазақ ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы. 


Ұқсас жаңалықтар:

Қызылша өсірудің қыр-сыры
16 Тамыз
2016
Жетісу облысы
Мақта өсірудің де өз мәні бар
11 Тамыз
2016
Шымкент қаласы
Сиыр бағуға да ғылым керек
10 Тамыз
2016
Қарағанды облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер