«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дүкен көп болса, тауар арзан болады

2016 жылғы 11 Шілде
- Ақмола облысы
7549 просмотров

Жарқайың ауданының  тұрғыны Бауыржан Нағашыбеков «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында екі жарым миллион  теңге алуды жоспарлап отыр 

Жеке кәсіпкер Бауыржан Нағашыбеков азық-түлік сатумен айналысады,  Державин қаласындағы коммуналдық нарықта азық-түлік сататын бірнеше орны болды.

Өз іс-қызметін баянды еткісі келген ол жыл басында шағын дүкен салды. Оның ойынша шағын  болса да,  дүкеннің өз артықшылықтары бар.

«Бұл дегеніңіз өніммен жабдықтаушылармен тікелей өзара іс-қимыл жасау.  Сонымен қатар дүкенің болса, беделің өсіп, тұрақты сатып алушылар пайда болады»,– деп ой қорытады Бауыржан Нағашыбеков.

Бауыржан Нағашыбеков несие алу үшін, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жарқайың аудандық филиалына жүгінеді, олар оған «БЖК» бағдарламасы бойынша несие алуды ұсынды.  Жергілікті КҚО кеңесшілері бизнес-жоспар жасауға көмектесті.

Кәсіпкердің жобасын қолдау барысында қалта көтеретін бағамен қажетті жабдық табуға да филиал сарапшылары жәрдемдесті. Енді несие алған соң тоңазытқыштар, мұздату камераларын, сөрелер, т.б. орнату керек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер