Астананың сол жағалауында салтанатты қонақүй бой көтереді
InterContinental Hotels Group (IHG) – әлемдік қонақүй ісінің үздік көшбасшысы, олар Қазақстанда да қанатын кеңге жаюды көздеп, Holiday Inn Express®Astana қонақүйін ашу үшін арнаулы келісімге қол қойды
Бұл қонақ үй IHG бренді бойынша Қазақстандағы алтыншы және өңірдегі Holiday Inn Express® бойынша бірінші жоба болмақ.
Holiday Inn Express® Astana 2018 жылы ашылады. Оны басқаруды франшиза бойынша келісімге келген Fido Estate LLP компаниясына тиесілі.
Holiday Inn Express® Astana елорданың Есіл ауданында, Тұран даңғылында салынады. Ол қаланың іскер аумағын халықаралық әуежаймен байланыстырып тұрған негізгі жол. Қонақ үйден қаланың «Бәйтерек» пен «Хан Шатыр» сияқты басты көрікті жерлеріне көлікпен лезде жетіп баруға болады. Оның үстіне Үкімет үйі мен Министрліктер үйі, Тәуелсіздік сарайы сынды түрлі әкімшілік ғимараттарына да жету оңай.
В Holiday Inn Express® Astana қонақ үйінің 232 нөмірі болады, мейрамхана, лобби-бар, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кішігірім конференц-залы да қарастырылған. Көлікпен саяхаттайтын жандарға автотұрақтар дайын.
Holiday Inn Express® Astana өзінің қонақтарына келесі жас ұрпаққа арналған Holiday Inn Express® бренді ұсынатын керемет көңіл-күй сыйлауды көздейді. Бүгінгі саяхаттаушының сұранысына орай қысқа мерзімге тоқтайтын, жылдам, жедел жүріске бейімделген, әрі ыңғайлы дизайн мен өте жоғары деңгейде қызмет көрсету ұсынылады. Қонақтар әр сатыда бетпе бет келетін кез келген инновациялық және интеллектуалды шешімдерді көретін болады, түнгі ұйқының тыныштығы және достар мен әріптестерді қабылдауға болатын жұмыс пен демалысқа арналған көпфункционалды қозғалмалы қонақжай лоббиге куә болмақ.
IHG-дің Ресей, ТМД, Балтың жағалауы елдері мен Скандинавия бойынша стратегиялық даму директоры Алексей Коробкиннің сөзіне сенсек: «Holiday Inn Express® – біздің әлемге қанатын тез жайып келе жатқан брендіміз, оны Астанада таныстырғанымызға қуаныштымыз. Қарапайым әрі ақылды шешімдерімен танылған Holiday Inn Express® қонақ үйі Астанада да сұранысқа ие болатынына сенімдіміз».
«Астанаға іссапармен жиі келетін саяхаттаушылар және туристер саны күн өткен сайын артып жатыр. Ал, жергілікті нарықтағы қонақ күту әлі өз деңгейінде емес. Жеткілікті дамып болмады. Сондықтан Қазақстанның астанасында танымал Holiday Inn Express® брендін таныстырғымыз келді», – дейді Fido Estate LLP өкілі Нұржан Оразақов.
Holiday Inn Express® бренді нарықта 1991 жылы пайда болды. Бүгінгі таңда әлемдік танымал жеті брендтің бірі. Қонақ үйлерінің ыңғайлы жерге орналасуымен танылған бренд. Жетпістен астам елде қонақ үйлері бар. Көптеген елдерде ашылуға дайындалып жатқан қонақ үйлері және бар. Яғни, 3 649 қонақ үй қызмет көрсетіп жатыр, тағы 892 қонақ үй ашу жоспарда бар.
Holiday Inn Express® Astana осы бренд бойынша Ресей, Грузия және ТМД елдері аумағындағы және IHG бренді бойынша Қазақстандағы алтыншы қонақ үй болмақ. IHG брендінің Ресей, Грузия, ТМД елдері бойынша 23 қонақ үйі бар, сонымен қатар алдағы уақытта тағы 22 қонақүй ашылмақ.
IHG басқа брендтері бойынша ашылған қонақ үйлер әлемнің жүзден аса елдерінде қызмет көрсетіп жатыр. Ұзақ мерзімді саяхат болсын, қысқа мерзімді іссапар болсын, отбасылық демалыс па, армандағы саяхат па, олар әр қонақтың қалауын таба алады. IHG барлық қонақ үйлері IHG® Rewards Club бағдарламасына қатысады – қонақ үй индустриясындағы бірінші және ең ірі қонақтарға ниеттестік білдіретін бағдарлама, әлем бойынша 94 миллион қатысушысы бар. Бұл бағдарламаға мына сайт арқылы тегін қатыса аласыз: www.IHGRewardsClub.com
Пікір қалдыру:
Пікірлер: