«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Артық шығынсыз шешімін тапты

2016 жылғы 11 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
6032 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы филиалы мамандарының көмегінің арқасында бизнесмен жер телімін дөңгелек жөндейтін шеберхана ретінде рәсімдеп, қаражатын үнемдей алды

М.Жұмабаев ауданының тұрғыны Владимир Павлов СҚО КП филиалына дөңгелек жөндеуге арналған қосымша жер телімін рәсімдеуге көмек сұрай келіпті. Мәселенің мәні мынада: кәсіпкер әділет органдарына қажетті құжаттарды өткізген, алайда олар оны қайтарып берген. Себеп: Павлов көрсетілген мекенжайдағы жер телімін дөңгелек жөндеу орнының құрылысына дейін рәсімдеп қойған екен. СҚО КП аудандық филиалының мамандары әділет органдарының, құрылыс бөлімінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың өкілдерімен кездесіп, өтінішті алғаш рет беру барысында кәсіпкерге сәйкесінше түсіндірмелер берілмегендігін анықтады. Бизнесмен тарапынан рәсімдеуге қосымша шығын шығармау үшін қосымша жер тіліміне жаңа мекен жай берілді. Осы мекенжай анықтамасы арқылы Владимир Павловтың жер актісі мен шартына түзетулер енгізілді. Содан кейін жер телімі мекенжай тізіліміне кіргізілді. Бұл оны тіркеуге мүмкіндік берді. Кәсіпкерге де қажеті осы еді. Ол СҚО КП аудандың филиалының сарапшыларына дер кезінде көмек бергендері үшін алғыс білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер